User's Guide

б. Принтер мәзірінде Басып шығаруды тоқтату немесе Принтерді желіге қоспай пайдалану
параметрлерінің жанына белгі қойылғанына көз жеткізіңіз.
в. Егер кез келген өзгертулер енгізілген болса, қайта басып шығаруға әрекет жасаңыз.
4. Құрылғы әдепкі принтер ретінде орнатылғанын тексеріңіз.
Құрылғы әдепкі принтер деп орнатылғанын тексеру
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 10: Windows жүйесінің Бастау мәзірінен қолданбалар тізіміндегі Windows
жүйесі тармағын таңдап, Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз, содан соң Аппараттық
құрал мен дыбыс бөліміндегі Құрылғылар мен принтерлерді көру түймесін басыңыз.
Windows 8.1 және Windows 8: Шебер түймелер тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы
оң жақ бұрышына меңзеңіз немесе түртіңіз, Параметрлер белгішесін басыңыз, Басқару
тақтасын басыңыз немесе түртіңіз, содан соң Құрылғылар мен принтерлерді қарау
тақтасын басыңыз немесе түртіңіз.
Windows 7: Windows жүйесінің Пускастау) мәзірінен Устройства и принтеры
(Құрылғылар және принтерлер) пәрменін басыңыз
ә. Әдепкі принтер ретінде дұрыс принтер орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Әдепкі принтердің жанында қара немесе жасыл дөңгелекке белгі қойылған.
б. Басқа принтер әдепкі принтер ретінде орнатылса, дұрыс принтерді тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басыңыз және Әдепкі принтер ретінде орнату пәрменін таңдаңыз.
в. Принтерді қайтадан қолданып көріңіз.
5. Басып шығару кезегінде қалған басып шығару тапсырмаларына принтер жауап беруі үшін баспа
спулерін қайта іске қосыңыз.
Принтердегі спулер бағдарламасын қайта іске қосу
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 10
i. Windows Бастау мәзірінен қолданбалар тізіміндегі Windows жүйесін басқару
құралдары тармағын таңдаңыз, содан соң Қызметтер бөлімін таңдаңыз.
ii. Принтердегі спулер бағдарламасы түймешігінің үстінен тінтуірдің оң жағымен басып,
Сипаттар түймешігін басыңыз.
iii. Жалпы қойындысындағы Іске қосу түрі параметрінің жанында Автоматты параметрі
таңдалғанына көз жеткізіңіз.
iv. Қызмет іске қосылмаған болса, Қызмет күйі астындағы Бастау түймешігін басыңыз,
кейін OK түймешігін басыңыз.
KKWW Осы нұсқаулықта анықтама алу 177