User's Guide
Басып шығару механизмін туралау сәтсіздіктері
● Егер туралау процесі орындалмаса, қолданылмаған қарапайым ақ қағазды кіріс науасына
жүктегеніңізді тексеріңіз. Егер басып шығару механизмін туралау кезінде кіріс науасында түсті
қағаз салынған болса, туралау сәтсіз болады.
● Егер туралау процесі қайта-қайта сәтсіз болса, басып шығару механизмін тазарту керек, әйтпесе
датчикте ақау болуы мүмкін. Басып шығару механизмін тазалау үшін Басып шығару механизмі
мен картридждерге күтім жасау бөлімін қараңыз.
● Егер басып шығару механизмін тазалау ақауды шешпесе, HP қолдау қызметіне хабарласыңыз.
www.support.hp.com сайтына өтіңіз. Бұл веб-сайтта жалпы принтер ақауларын түзетуге көмектесе
алатын ақпарат пен қызметтік бағдарламалар беріледі. Нұсқау берілсе, елді/аймақты таңдаңыз
да, техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу туралы ақпаратты алу үшін Барлық HP
контактілері түймесін басыңыз.
Принтердегі ақауды жою
Принтер қатесі проблемаларын шешу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Принтерді өшіру үшін (Қуат түймесі) түймесін басыңыз.
2. Қуат сымын ажыратып, қуат сымын қайтадан қосыңыз.
3. Принтерді қосу үшін (Қуат түймесі) түймесін басыңыз.
Ақау сақталса, хабарламада берілген қате кодын жазып алып, НР қолдау көрсету орталығымен
байланысыңыз. НР қолдау көрсету орталығымен байланысу туралы қосымша ақпарат алу үшін HP
қолдау қызметі бөлімін қараңыз.
194 9-тарау Мәселені шешу KKWW










