User's Guide

3. Бір электрондық пошта мекенжайын қосу үшін түймесін басыңыз.
-немесе-
Электрондық пошта тарату тізімін жасау үшін түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Электрондық пошта тарату тізімін жасамас бұрын мекенжайлық кітапқа кемінде бір
электрондық пошта мекенжайы қосылған болуы керек.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жазба Contacts Stored on the Printer (Принтерде сақталған
контактілер
) кестесіне қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: Принтердің басқару тақтасының дисплейінде және электрондық пошта
бағдарламасында контакт аттары пайда болады.
3-қадам: Басқа электрондық пошта опцияларын реттеу
Басқа электрондық пошта опцияларын (мысалы, принтерден жіберілетін барлық электрондық пошта
хабарларына қосылатын әдепкі ТАҚЫРЫП және негізгі мәтінін, сонымен бірге, принтерден
электрондық пошта жібергенде пайдаланылатын сканерлеу параметрлерін конфигурациялау)
конфигурациялау үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-сервер (EWS)
бөлімін қараңыз.
2. Scan (Сканерлеу) қойындысында Scan to Emailлектрондық поштаға сканерлеу) және Email
Optionsлектрондық пошта параметрлері) опциясын таңдаңыз.
3. Басқа кез келген параметрлерді өзгертіп, Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
HP сандық факс мүмкіндігін орнату
HP сандық факс мүмкіндігінің көмегімен принтер факстарды автоматты түрде қабылдайды және
оларды тікелей желілік қалтаға сақтайды (факсты желілік қалтаға жіберу) немесе электрондық пошта
тіркемелері ретінде бұрады (факсты электрондық поштаға жіберу).
ЕСКЕРТПЕ: HP сандық факс мүмкіндігін желілік қалтаға факс жіберу немесе электрондық поштаға
факс жіберу мүмкіндігін пайдалануға конфигурациялауға болады. Екеуін де бір уақытта пайдалана
алмайсыз.
Қабылданған факс TIFF (Tagged Image File Format) немесе PDF файлдары түрінде сақталады.
ЕСКЕРТПЕ: HP сандық факс мүмкіндігі тек ақ-қара факстарды қабылдауға қолдау көрсетеді. Түрлі-
түсті факстар компьютерге сақталмай, тек қана басып шығарылады.
Принтердің бағдарламалық құралынан НР сандық факс мүмкіндігін орнату (Windows)
1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
2. Басып шығару, сканерлеу және факс түймесін, одан кейін Fax (Факс) түймесін басыңыз.
3. Сандық факсты орнату шеберін түймесін басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
KKWW HP сандық шешімдері 19