User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: HP сандық факс мүмкіндігін реттегеннен кейін принтердің енгізілген веб-серверін (EWS)
пайдаланып HP сандық факс мүмкіндігінің параметрлерін өңдеуге болады. EWS серверін автоматты
түрде ашу үшін сандық факсты орнату шеберінің соңғы экранында Launch embedded web server when
nished (Аяқтағанда енгізілген веб-серверді іске қосу) құсбелгісін қойыңыз. Finish (Дайын) түймесін
басқан кезде компьютердің әдепкі веб-браузерінде EWS сервері көрсетіледі. EWS туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Енгізілген веб-сервер (EWS) бөлімін қараңыз.
Енгізілген веб-серверінен (EWS) НР сандық факс мүмкіндігін орнату
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-сервер (EWS)
бөлімін қараңыз.
2. Главная (Басты) қойындысында HP Digital Fax (HP цифрлық факсі) опциясын таңдаңыз.
3. Digital Fax to Network Folder Status (Цифрлық факстен желілік қалтаға күйі) немесе Digital Fax to
Email Status (Цифрлық факстен электрондық поштаға күйі) опциясынан Set up (Орнату) түймесін
басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Қажет ақпаратты енгізгеннен кейін конфигурация дұрыс жұмыс істейтінін тексеру үшін Save and
Test (Сақтау және тексеру) түймесін басыңыз.
HP сандық шешімдерін пайдалану
Принтерде қол жетімді HP сандық шешімдерін пайдалану үшін тиісті нұсқауларды орындаңыз.
HP желілік қалтаға сканерлеу мүмкіндігін пайдалану
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
беретін құралға жоғары қаратып салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Сканер әйнегіне
түпнұсқаны салу немесе Құжатты беретін құралға түпнұсқаны салу бөлімін қараңыз.
2. Сканерлеу түймесін түртіңіз, содан соң Network Folderелілік қалта) түймесін түртіңіз.
3. Басқару тақтасының дисплейінде пайдалану керек қалтаға сәйкес атауды таңдаңыз.
4. Сұралса, PIN кодын енгізіңіз.
5. Қандай да сканерлеу параметрлерін өзгертіп, Start Scan (Сканерлеуді бастау) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Желілік трафикке және байланыс жылдамдығына байланысты қосылу біраз уақыт алуы
мүмкін.
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін пайдалану
Басқару тақтасынан электрондық пошта арқылы жіберу үшін құжатты немесе фотосуретті сканерлеу
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
беретін құралға жоғары қаратып салыңыз.
2. Басты экранда Scan (Сканерлеу) белгішесін түртіңіз, содан кейін Email (Электрондық пошта)
түймесін түртіңіз.
3. Пайдаланылатын электрондық пошта тіркелгісін растап, Continue (Жалғастыру) түймесін
түртіңіз.
Электрондық пошта тіркелгісін өзгертуді қаласаңыз, түймесін түртіп, пайдаланылатын
электрондық пошта тіркелгісін таңдаңыз да, Continue (Жалғастыру) түймесін түртіңіз.
20 1-тарау Жұмысқа кіріскенде KKWW