User's Guide

Науалармен жұмыс
Әдепкі бойынша, принтер қағазды 1-науадан алады. Егер 1-науа бос болса және 2-науа орнатылып,
ішінде қағаз болса, онда принтер қағазды 2-науадан алады.
Бұл әдепкі мінез-құлықты келесі мүмкіндіктерді пайдалана отырып өзгертуге болады:
Әдепкі науа: 1-науа мен 2-науаға бірдей өлшемдегі қағаз салынған кезде принтер алдымен
қайсы науадан қағазды алатынын анықтайтын әдепкі науаны орнатыңыз.
Науа құлпы: Байқаусыз пайдаланудан қорғау үшін науаны құлыптаңыз; мысалы, арнайы қағаз
жүктелген кезде
(бланк немесе алдын ала басып шығарылған қағаз).
Принтер басқа науа бос болып тұрса да, құлпталған науаны пайдаланбайды.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы өнімділікке қол жеткізу үшін науаға қағаздың бір түрін ғана жүктеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: 1-науа кәдімгі қағазды ғана қолдайды.
Бұған қол жеткізу үшін Осы қадамдарды орындау
Егер басқа науа бос болса, қағазды екі науаға да жүктеңіз,
содан соң қағазды бір науадан пайдаланыңыз.
Екі науаға қағазды жүктеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Қағазды салу бөлімін қараңыз.
Науа құлпын өшіріңіз.
Қағазды екі науаға да жүктеңіз, содан соң қағазды алдымен
науалардың біреуінен ғана пайдаланыңыз.
Екі науаға да бірдей өлшемдегі қағазды салыңыз.
Қажетті науаны әдепкі науа ретінде орнатыңыз.
Кәдімгі қағазды таңдау мүмкіндігін қосыңыз, ал басқа қағаз
түрін сирек пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы өнімділікке қол жеткізу үшін науаға
қағаздың бір түрін ғана жүктеңіз.
2-науаға арнайы баспа құралын және 1-науаға кәдімгі
қағазды жүктеңіз.
2-науаны құлыптап, 1-науаны әдепкі науа ретінде
орнатыңыз.
Науа параметрлерін өзгерту
ЕСКЕРТПЕ: Сондай-ақ, НР принтерінің бағдарламалық құралын немесе енгізілген веб-серверден
(EWS) науаның параметрлерін өзгертуге болады.
Енгізілген веб-серверге (EWS) және принтердің бағдарламалық құралына кіру үшін Енгізілген веб-
сервер (EWS) және HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
1. Принтердің қосылып тұрғанын тексеріңіз.
2. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп
, төмен сүйреңіз, (Setup (Орнату)) түймесін түртіңіз.
3. Tray Management (Науаны басқару) параметріне айналдырып, оны түртіңіз.
4. Tray Lock (Науаны құлыптау) түймесін түртіңіз, тиісті опцияны таңдаңыз және OK түймесін
түртіңіз.
5. Tray Assignment (Науаны тағайындау) түймесін түртіңіз, Default Tray (Әдепкі науа) опциясын
таңдаңыз және тиісті опцияны таңдаңыз.
KKWW Науалармен жұмыс 39