User's Guide
Құжатты беретін құралға түпнұсқаны салу
Құжатты беретін құралға құжатты салу арқылы оны көшіруге, сканерлеуге немесе факспен жіберуге
болады.
ЕСКЕРТУ: Құжатты беретін құралға фотосуреттерді салыңыз, бұл фотосуреттерді зақымдауы мүмкін.
Құжатты беретін құрал қолдайтын қағазды ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бетке сәйкестендіру көшіру мүмкіндігі сияқты кейбір мүмкіндіктер құжатты беретін
құралға түпнұсқаны салған кезде жұмыс істемейді. Осы мүмкіндіктер жұмыс істеу үшін сканер әйнегіне
түпнұсаларды салыңыз.
Құжатты беретін құралға түпнұсқаны салу
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын жағын жоғары қаратып салыңыз.
а. Кітаптық бағдарда басып шығарылған түпнұсқаны жүктеп жатсаңыз, беттерді құжаттың
жоғарғы бұрышы алдымен өтетіндей орналастырыңыз. Альбомдық бағдарда басып
шығарылған түпнұсқаны жүктеп жатсаңыз, беттерді құжаттың сол жақ бұрышы алдымен
өтетіндей орналастырыңыз.
ә. Жүктелген беттер анықталғанын көрсететін хабарды принтердің басқару тақтасының
дисплейінен көргенше немесе дыбысты естігенше, құжатты беретін құралға қағазды
жылжытыңыз.
КЕҢЕС: Құжатты беретін құралға түпнұсқаларды салу туралы қосымша анықтама алу үшін
құжатты беретін құрал науасындағы диаграмманы қараңыз.
2. Қағаз енін бағыттауыштары қағаздың сол жақ және оң жақ шеттерінде тоқтағанша, оларды ішке
қарай сырғытыңыз.
KKWW Құжатты беретін құралға түпнұсқаны салу 43










