User's Guide
Принтерді жаңарту
Әдепкі бойынша, принтер қосылған желіге және веб қызметтеріне жалғанған болса, принтер
жаңартуларды автоматты түрде тексереді.
Принтердің басқару тақтасын пайдалану арқылы принтерді жаңарту
1. Экранның жоғарғы жағынан Құралдар тақтасын ашу үшін қойындыны түріп, төмен сүйреңіз де,
( Теңшеу ) түймесін түртіңіз
2. Принтерге күтім жасау түймесін түртіңіз.
3. Принтерді жаңарту түймесін түртіңіз.
4. Check for Printer Update Now (Принтердің қазіргі жаңартуларын тексеру) түймесін түртіңіз.
Принтердің жаңартуларды автоматты түрде тексеруін қосу
ЕСКЕРТПЕ: Автоматты жаңарту мүмкіндігінің әдепкі параметрі – Қосулы .
1. Принтердің басқару тақтасынан Құралдар тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы жағындағы
қойындыны түртіп, төмен сүйреңіз, (Setup (Орнату)) түймесін түртіңіз.
2. Printer Maintenance (Принтерге техникалық қызмет көрсету) түймесін түртіңіз.
3. Update the Printer (Принтерді жаңарту) түймесін түртіңіз.
4. Printer Update Options (Принтердің жаңарту параметрлері) түймесін түртіңіз.
5. Install Automatically (Recommended) (Автоматты түрде орнату (Ұсынылады)), Alert When
Available (Қолжетімді болғанда ескерту) немесе Do Not Check (Тексермеу) параметрін таңдаңыз.
Енгізілген веб-серверді (EWS) пайдалану арқылы принтерді жаңарту
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Енгізілген веб-сервер (EWS) бөлімін қараңыз.
2. Құралдар қойындысын басыңыз.
3. Printer Updates (Принтер жаңартулары) бөлімінде Firmware Updates (Алдын ала орнатылған
бағдарламалардың жаңартулары) түймесін басып, экрандағы нұсқауларға сүйеніңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерді жаңарту қол жетімді болса, принтер жаңартуларды жүктейді және орнатады,
кейінірек қайта бастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси-параметрлерді пайдаланса,
прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін желі
әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен байланысыңыз.
44 1-тарау Жұмысқа кіріскенде KKWW










