User's Guide
Компьютер арқылы басып шығару
●
Құжаттарды басып шығару
●
Кітапшаларды басып шығару
●
Хатқалталарда басып шығару
●
Фотосуреттерді басып шығару
●
Арнайы және реттелетін өлшемдегі қағазда басып шығару
●
Екі жаққа басып шығару (екі жақты күйі)
●
Mac стационарлық компьютері немесе лаптоп арқылы басып шығару
ЕСКЕРТПЕ: Сондай-ақ, мобильді құрылғыдан басып шығару үшін HP Smart қолданбасын
пайдалануға болады. Қосымша ақпарат алу үшін HP Smart қолданбасы көмегімен басып шығару
бөлімін қараңыз.
Құжаттарды басып шығару
Құжаттарды басып шығару (Windows)
1. Науаға қағазды салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
2. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
3. Принтердің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
4. Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық басып шығару жұмыстарына арналған басып шығару параметрлерін орнату
үшін HP бағдарламалық құралына өзгерістер енгізіңіз. HP бағдарламалық құралы туралы
қосымша ақпаратты Принтердің басқару құралдары бөлімінен қараңыз.
5. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
● Расположение (Орналасу) қойындысында Портрет немесе Пейзаж бағдарын таңдаңыз.
● Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы
Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality
Settings (Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдап, Color (Түс)
аумағынан қажетті түсті таңдаңыз.
● Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы мәзірінен сәйкес қағаз түрін таңдау үшін
Дополнительный (Қосымша) қойындысын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемін өзгертсеңіз, кіріс науасына дұрыс қағаз салынғандығын және
принтердің бақылау тақтасында қағаз өлшемінің орнатылғанын тексеріңіз.
Басқа басып шығару параметрлерін өзгерткіңіз келсе, басқа қойындыларды басыңыз. Қосымша
басып шығару кеңестерін көру үшін Принтер параметрлері туралы кеңестер бөлімін қараңыз.
KKWW Компьютер арқылы басып шығару 49










