User's Guide
6. Сипаттар диалогтық терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
7. Басып шығаруды бастау үшін Печать (Басып шығару) немесе OK түймешігін басыңыз.
Кітапшаларды басып шығару
Кітапшаларды басып шығару (Windows)
1. Науаға қағазды салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
2. Бағдарламалық құралдың Файл мәзірінде Басып шығару түймешігін басыңыз.
3. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
4. Параметрлерді өзгерту үшін Сипаттар тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Түймешік бағдарламалық құралға байланысты Сипаттар , Параметрлер , Принтерді орнату ,
Принтер: немесе Басымдықтар түймешігі деп аталуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық басып шығару жұмыстарына арналған басып шығару параметрлерін орнату
үшін HP бағдарламалық құралына өзгерістер енгізіңіз. HP бағдарламалық құралы туралы
қосымша ақпаратты Принтердің басқару құралдары бөлімінен қараңыз.
5. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
● Расположение (Орналасу) қойындысында Портрет немесе Пейзаж бағдарын таңдаңыз.
● Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы
Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality
Settings (Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдап, Color (Түс)
аумағынан қажетті түсті таңдаңыз.
● Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен тиісті брошюра өлшемін таңдау үшін
Дополнительный (Қосымша) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемін өзгертсеңіз, кіріс науасына дұрыс қағаз салынғандығын және
принтердің бақылау тақтасында қағаз өлшемінің орнатылғанын тексеріңіз.
Басқа басып шығару параметрлерін өзгерткіңіз келсе, басқа қойындыларды басыңыз. Қосымша
басып шығару кеңестерін көру үшін Принтер параметрлері туралы кеңестер бөлімін қараңыз.
6. Properties (Сипаттар) диалогтық терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.
7. Басып шығаруды бастау үшін Басып шығару немесе OK түймешігін басыңыз.
Хатқалталарда басып шығару
Келесі сипаттамалары бар хатқалталарды елемеңіз:
● Ұшы өте жабысқақ
● Өздігінен жабысқақ, қыстырылатын немесе жақтаулары бар
● Қалың, ретсіз немесе бұратылған ұштары бар
● Мыжылған, жыртылған немесе басқалай зақымдалған аймақтары болса
Принтерге жүктелген хатқалталардың бүгілген жерлерінің мұқият бүктелгенін тексеріңіз.
50 2-тарау Басып шығару KKWW










