User's Guide

Компьютеріңізден фотосуретті басып шығару (Windows)
1. Науаға қағазды салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
2. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
3. Принтер таңдалғанын тексеріңіз.
4. Свойства (Сипаттар) диалогтық терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық жасақтама қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтердің сипаттары),
Принтер немесе Предпочтенияаңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
5. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
Расположение (Орналасу) қойындысында Портрет немесе Пейзаж бағдарын таңдаңыз.
Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы
Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality
Settings (Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдап, Color (Түс)
аумағынан қажетті түсті таңдаңыз.
Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен тиісті фотосурет өлшемін таңдау үшін
Дополнительный (Қосымша) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемін өзгертсеңіз, кіріс науасына дұрыс қағаз салынғандығын және
принтердің бақылау тақтасында қағаз өлшемінің орнатылғанын тексеріңіз.
Басқа басып шығару параметрлерін өзгерткіңіз келсе, басқа қойындыларды басыңыз. Қосымша
басып шығару кеңестерін көру үшін Принтер параметрлері туралы кеңестер бөлімін қараңыз.
6. Properties (Сипаттар) диалогтық терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.
7. Басып шығаруды бастау үшін Print (Басып шығару) немесе OK түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Басып шығару аяқталғаннан кейін қолданылмаған фотосурет қағазын науадан алып
тастаңыз. Басып шығару сапасының төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін қағаз бұратыла бастауы
мүмкін.
Арнайы және реттелетін өлшемдегі қағазда басып шығару
Бағдарлама реттелетін өлшемдегі қағазға қолдау көрсететін болса, құжатты басып шығармас бұрын
бағдарламада өлшемді орнатыңыз. Болмаса, принтер драйверінде өлшемді орнатыңыз. Бар
құжаттарды реттелетін өлшемдегі қағазда дұрыс басып шығару үшін оларды қайта пішімдеу қажет
болуы мүмкін.
Реттелетін өлшемдерді орнату (Windows)
1. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 10: Windows жүйесінің Бастау мәзіріндегі қолданбалар тізімінен Windows жүйесі
параметрін таңдап, Басқару тақтасы параметрін таңдаңыз, содан соң Аппараттық құрал
52 2-тарау Басып шығару KKWW