User's Guide
Екі жаққа басып шығару (екі жақты күйі)
Беттің екі жағында басып шығару (Windows)
1. Науаға қағазды салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін қараңыз.
2. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
3. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
4. Свойства (Сипаттар)тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары)
немесе Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулылар) деп аталуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық басып шығару жұмыстарына арналған басып шығару параметрлерін орнату
үшін HP бағдарламалық құралына өзгерістер енгізіңіз. HP бағдарламалық құралы туралы
қосымша ақпаратты Принтердің басқару құралдары бөлімінен қараңыз.
5. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
● Layout (Орналасу) қойындысында Portrait (Тік) немесе Landscape (Көлденең) бағытын
таңдаңыз, сонан соң Print on Both Sides (Екі жағында басып шығару) ашылмалы тізімінен
тиісті қағазды аудару опциясын таңдаңыз.
● Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы
Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality
Settings (Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдап, Color (Түс)
аумағынан қажетті түсті таңдаңыз.
● Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы мәзірінен сәйкес қағаз түрін таңдау үшін
Дополнительный (Қосымша) қойындысын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемін өзгертсеңіз, кіріс науасына дұрыс қағаз салынғандығын және
принтердің бақылау тақтасында қағаз өлшемінің орнатылғанын тексеріңіз.
Басқа басып шығару параметрлерін өзгерткіңіз келсе, басқа қойындыларды басыңыз. Қосымша
басып шығару кеңестерін көру үшін Принтер параметрлері туралы кеңестер бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер A4, Хат, Executive және JIS B5 қағаз өлшеміндегі автоматты екі жақты басып
шығаруды қолдайды.
6. Сипаттар диалогтық терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
7. Басып шығаруды бастау үшін Печать (Басып шығару) немесе OK түймешігін басыңыз.
Mac стационарлық компьютері немесе лаптоп арқылы басып шығару
HP AirPrint технологиясын қолдайтын принтерлер мен macOS және OS X 10.7 (Lion) және одан кейінгі
нұсқасы бар Mac компьютерлеріне арналған нұсқаулар.
54 2-тарау Басып шығару KKWW










