User's Guide

Сәтті басып шығару туралы кеңестер
Дұрыс басып шығару үшін HP картридждері жеткілікті сиямен дұрыс жұмыс істеуі керек, қағазды
дұрыс салу керек және құрылғыда сәйкес параметрлер бар болуы керек.
Сия туралы кеңестер
Қағаз салу кезіндегі кеңестер
Принтер параметрлері туралы кеңестер
Сия туралы кеңестер
Төменде сәтті басып шығаруға арналған сия туралы кеңестер берілген:
Басып шығару сапасы ұнамаған жағдайда, қосымша ақпарат үшін Басып шығару ақаулары
бөлімін қараңыз.
Түпнұсқа HP картридждерін пайдаланыңыз.
Түпнұсқа HP картридждері жақсы нәтижелерді әрдайым оңай беру үшін жасалып, HP
принтерлерімен және қағаздарымен тексеріледі.
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы өздері шығармаған жабдықтардың сапасына немесе сенімді
екендігіне кепілдік бере алмайды. HP компаниясы шығармаған жабдықтарды пайдалану
нәтижесінен болған принтер қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстары кепілдікке кірмейді.
Түпнұсқа HP картридждерін сатып алғандығыңызға сенімді болсаңыз, www.hp.com/go/
anticounterfeit сайтына өтіңіз.
Қара және түсті картридждерді дұрыс орнатыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Картридждерді ауыстыру бөлімін қараңыз.
Сияның жеткілікті екеніне көз жеткізу үшін картридждердегі есептелген сия деңгейлерін
тексеріңіз
Қосымша ақпарат алу үшін Анықталған сия деңгейлерін тексеру бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
анықтауларды береді. Индикатор төмен сия деңгейлерін көрсеткенде, ықтимал басып шығару
кешігулерін болдырмау үшін ауыстыратын сия картриджінің болуын қарастырыңыз. Орындау
сұралмайынша картридждерді ауыстырудың керегі жоқ.
Принтерге қондырмаларды қорғауға мүмкіндік беру үшін (Қуат түймесі)түймесін басу арқылы
принтерді әрдайым өшіріңіз.
Қағаз салу кезіндегі кеңестер
Қосымша ақпарат алу үшін Қағазды салу бөлімін де қараңыз.
Қағаздың кіріс науасына дұрыс жүктелгенін және дұрыс медиа өлшемі мен медиа түрінің
орнатылғанын тексеріңіз. Қағазды кіріс науасына салу кезінде басқару тақтасынан медиа өлшемі
мен медиа түрін орнату сұралады.
(Бір қағазды емес), қағаз дестесін салыңыз. Қағаз кептелісін болдырмау үшін дестедегі барлық
қағаздың өлшемі мен түрі бірдей болуы керек.
58 2-тарау Басып шығару KKWW