User's Guide

Сканерлеу
Құжаттарды, фотосуреттерді және басқа да қағаз түрлерін сканерлеуге және оларды компьютер
немесе электрондық хабар алушысы секілді тағайындалған әр түрлі орындарға жіберуге болады.
Құжаттарды HP принтерінің бағдарламалық құралымен сканерлеген кезде іздеуге және өңдеуге
болатын пішімде сканерлеуге болады.
Жиексіз түпнұсқаны сканерлеу кезінде құжатты беретін құралын емес, сканер әйнегін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір сканерлеу функциялары HP бағдарламалық құралын орнатқаннан кейін ғана қол
жетімді болады.
КЕҢЕС: Құжаттарды сканерлеу кезінде ақаулар туындаса, Көшіру және сканерлеуге қатысты
ақаулар бөлімін қараңыз.
Компьютерге сканерлеу
Жад құрылғысына сканерлеу
Электрондық поштаға сканерлеу
HP Smart арқылы сканерлеу
Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу
Құжаттарды өңделетін мәтін ретінде сканерлеу
Жаңа сканерлеу таңбашасын жасау (Windows)
Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows)
Компьютерге сканерлеу
Компьютерге сканерлемес бұрын HP принтерінің ұсынылған бағдарламалық құралы
орнатылғандығын тексеріңіз. Принтер мен компьютер жалғанған және қосулы болуы қажет.
Қосымша, Windows компьютерлерінде сканерлеуге қатысты принтердің бағдарламалық құралын іске
қосу қажет.
Құжаттарды өңделетін мәтінге сканерлеу үшін HP принтерінің бағдарламалық құралын пайдалануға
болады. Қосымша ақпарат алу үшін Құжаттарды өңделетін мәтін ретінде сканерлеу бөлімін қараңыз.
Принтердің басқару құралынан компьютерге түпнұсқаны сканерлеу
Сканерлемес бұрын принтердің компьютерге қосылғанын тексеріңіз.
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
беретін құралға жоғары қаратып салыңыз.
2. Басқару тақтасынан Сканерлеу түймесін түртіп, Компьютер параметрін таңдаңыз.
3. Компьютер атауын таңдаңыз.
4. Start (Бастау) түймесін түртіңіз.
KKWW Сканерлеу 63