User's Guide
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігін қосу (Windows)
Принтер компьютерге USB қосылымы арқылы қосылған болса, компьютерге сканерлеуге арналған
мүмкіндік әдепкі бойынша қосылады және ажырату мүмкін болмайды.
Желі қосылымын пайдаланып жатсаңыз, мүмкіндік өшірулі болса және оны қайта қосу қажет болса,
осы нұсқауларды орындаңыз.
1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
2. Басып шығару, сканерлеу және факс түймесін, кейін Сканерлеу түймесін басыңыз.
3. Компьютерге сканерлеуді басқару параметрін таңдаңыз.
4. Қосу түймесін басыңыз.
Құжатты немесе фотосуретті файлға сканерлеу (Windows)
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
беретін құралға жоғары қаратып салыңыз.
2. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
3. Басып шығару, сканерлеу және факс түймесін, кейін Сканерлеу түймесін басыңыз.
4. Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу түймесін басыңыз.
5. Қажетті сканерлеу түрін таңдап, Сканерлеу түймесін басыңыз.
● Құжатты (немесе фотосуретті) PDF файлы ретінде сақтау үшін PDF ретінде сақтау
параметрін таңдаңыз.
● Құжатты (немесе фотосуретті) сурет файлы ретінде сақтау үшін JPEG ретінде сақтау
параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы экран негізгі параметрлерді қарап шығуға және өзгертуге мүмкіндік
береді. Толық параметрлерді қарау және өзгерту үшін Сканерлеу диалогтық терезесінің жоғарғы
оң жақ бұрышындағы Қосымша сілтемесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows) бөлімін қараңыз.
Сканерлегеннен кейін көру құралын көрсету параметрі таңдалған болса, алдын ала қарап алу
экранында сканерленген суреттерге түзетулер жасай аласыз.
Жад құрылғысына сканерлеу
Компьютерсіз немесе HP принтерінің бағдарламалық жасақтамасынсыз принтердің басқару
тақтасынан тікелей USB жад картасына сканерлеуге болады.
ЕСКЕРТУ: Принтер флэш-жад құрылғысына кірген кезде оны принтердің USB портынан алмаңыз. Бұл
USB флэш-жад құрылғысындағы файлдарды зақымдауы мүмкін. USB портының шамы жыпылықтап
тұрмағанда ғана USB флэш-жады құрылғысын қауіпсіз түрде алуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер шифрланған USB флэш дискісіне қолдау көрсетпейді.
Құжаттарды өңделетін мәтінге сканерлеу үшін HP принтерінің бағдарламалық құралын пайдалануға
болады. Қосымша ақпарат алу үшін Құжаттарды өңделетін мәтін ретінде сканерлеу бөлімін қараңыз.
64 3-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW










