User's Guide
3. Пайдаланылатын электрондық пошта тіркелгісін растап, Continue (Жалғастыру) түймесін
түртіңіз.
Электрондық пошта тіркелгісін өзгертуді қаласаңыз, түймесін түртіп, пайдаланылатын
электрондық пошта тіркелгісін таңдаңыз да, Continue (Жалғастыру) түймесін түртіңіз.
4. To (Кімге) өрісіне алушының электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.
Немесе түймесін түртіп, жіберілетін электрондық пошта тіркелгісін таңдап, Continue
(Жалғастыру) түймесін түртіңіз.
5. Subject (Тақырып) өрісіне электрондық пошта тақырыбын енгізіңіз.
6. Сканерленген фотосуретті немесе құжатты алдын ала қарау үшін түймесін түртіңіз.
Параметрлерді өзгерту үшін түймесін басыңыз.
7. Send (Жіберу) түймесін түртіңіз.
8. Сканерлеу аяқталған кезде Finish (Дайын) түймесін түртіңіз. Басқа бет қосу үшін Add Page (Бет
қосу) түймесін түртіңіз.
Scan-to-Email қолданбасы арқылы электрондық поштамен жіберу үшін сканерлеу
Scan-to-Email App - фотосуреттерді немесе құжаттарды принтерден тікелей жылдам сканерлеуге және
көрсетілген алушыларға электрондық хабармен жіберуге мүмкіндік беретін қолданба. Электрондық
пошта мекенжайын орнатуыңызға, тіркелгілеріңізге берілген PIN кодтармен кіріп, құжаттарыңызды
сканерлеуге және электрондық хабар жіберуіңізге болады.
Осы бөлімде келесі тақырыптар бар:
●
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін орнату
●
Электрондық поштамен жіберілетін құжатты немесе фотосуретті сканерлеу
●
Тіркелгі параметрлерін өзгерту
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін орнату
1. Принтердегі веб-қызметтерді қосыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Веб-қызметтерді орнату
бөлімін қараңыз.
2. Басты экранда Apps (Қолданбалар) белгішесін түртіңіз, содан кейін Scan-to-Email (Электрондық
поштамен жіберу үшін сканерлеу) қолданбасын түртіңіз.
3. Сәлемдесу терезесінде Жалғастыру түймесін түртіңіз.
4. Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін Email (Электрондық пошта) жолағындағы түймені,
одан кейін Done (Дайын) түймесін түртіңіз.
5. Жалғастыру түймесін түртіңіз.
6. PIN енгізілген электрондық пошта мекенжайына жіберілетін болады. Жалғастыру түймесін
түртіңіз.
7. PIN кодты енгізу үшін PIN жолағын түрітп, Дайын түймесін түртіңіз.
66 3-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW










