User's Guide
5. Қажет болса, басқа да реттеулер жасаңыз:
● Қосымша құжаттар немесе фотосуреттер қосу үшін Беттерді қосу түймесін басыңыз немесе
түртіңіз.
● Құжатты немесе кескінді айналдыру немесе кесу не оның реңкін, ашықтығын, қанықтығын
немесе бұрышын реттеу үшін Өңдеу түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
6. Қажетті файл түрін таңдаңыз, сканерленген көшірмені басып шығару, сақтау немесе басқалармен
ортақ пайдалану үшін тиісінше "Басып шығару", "Сақтау" немесе "Ортақ пайдалану" белгішесін
басыңыз немесе түртіңіз.
Бұрын сканерленген құжатты немесе фотосуретті өңдеу үшін
HP Smart қию немесе бұру сияқты өңдеу құралдарын ұсынады, оны құрылғыдағы бұрын сканерленген
құжатты немесе фотосуретті реттеу үшін қолдануға болады.
1. HP Smart ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін iOS, Android не Windows 10 құрылғыларынан басып
шығару, сканерлеу және ақауларды түзету үшін HP Smart қолданбасын пайдаланыңыз бөлімін
қараңыз.
2. Scan (Сканерлеу), сонан соң Import (Импорттау) опциясын таңдаңыз.
3. Реттеу қажет құжатты немесе фотосуретті таңдап, Ашу түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Қажет болғанда, жиектерді реттеңіз. Қолдану белгішесін басыңыз немесе түртіңіз.
5. Қажет болса, басқа да реттеулер жасаңыз:
● Қосымша құжаттар немесе фотосуреттер қосу үшін Беттерді қосу түймесін басыңыз немесе
түртіңіз.
● Құжатты немесе кескінді айналдыру немесе кесу не оның реңкін, ашықтығын, қанықтығын
немесе бұрышын реттеу үшін Өңдеу түймесін басыңыз немесе түртіңіз.
6. Қажетті файл түрін таңдаңыз, сканерленген көшірмені басып шығару, сақтау немесе басқалармен
ортақ пайдалану үшін тиісінше "Басып шығару", "Сақтау" немесе "Ортақ пайдалану" белгішесін
басыңыз немесе түртіңіз.
Android немесе iOS құрылғысынан сканерлеу
Android немесе iOS құрылғысынан сканерлеу үшін
1. HP Smart мәзірін ашып, сканерлеу опциясын таңдаңыз.
● Камера арқылы сканерлеуді таңдасаңыз, ендірілген камера ашылады. Фотосуретті немесе
құжатты камера арқылы сканерлеңіз.
● Принтер сканері арқылы сканерлеуді таңдасаңыз, Параметрлер белгішесін түртіп, кіріс көзін
таңдаңыз және сканерлеу параметрлерін өзгертіңіз, сосын Сканерлеу белгішесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер құжат беретін құрал мен сканер әйнегінің екеуінен де сканерлеуге қолдау
көрсетсе, міндетті түрде дұрыс кіріс көзін таңдаңыз.
2. Сканерленген құжатты немесе фотосуретті реттеуді аяқтаған кезде, оны сақтаңыз, бөлісіңіз
немесе басып шығарыңыз.
70 3-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW










