User's Guide

Құжаттарды өңделетін мәтін ретінде сканерлеуге арналған нұсқаулар
Құжаттарды өңделетін мәтін ретінде сканерлеу
Құжаттарды өңделетін мәтін ретінде сканерлеу үшін келесі нұсқауларды пайдаланыңыз.
Құжатты өңделетін мәтінге сканерлеу (Windows)
Басып шығарылған құжаттардың әр түрін қажетті және өңделетін пішімге сканерлеуге болады.
Өңделетін мәтін ретінде сақтау (OCR) параметрі қолжетімді сканерлеу опцияларының тізімінде
болмаса
, бағдарламалық құралды қайта орнату және сол опцияны таңдау қажет.
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
беретін құралға жоғары қаратып салыңыз.
2. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
3. Басып шығару, сканерлеу және факс түймесін, кейін Сканерлеу түймесін басыңыз.
4. Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу түймесін басыңыз.
5. Өңделетін мәтін ретінде сақтау (OCR) параметрін таңдаңыз және Сканерлеу түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы экран негізгі параметрлерді қарап шығуға және өзгертуге мүмкіндік
береді. Толық параметрлерді қарау және өзгерту үшін Сканерлеу диалогтық терезесінің жоғарғы
оң жақ бұрышындағы Қосымша сілтемесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows) бөлімін қараңыз.
Сканерлегеннен кейін көру құралын көрсету параметрі таңдалған болса, алдын ала қарап алу
экранында сканерленген суреттерге түзетулер жасай аласыз.
Құжаттарды өңделетін мәтін ретінде сканерлеуге арналған нұсқаулар
Келесі нұсқауларды бағдарламалық құралдың құжаттарыңызды сәтті түрде түрлендіргеніне көз
жеткізу үшін пайдаланыңыз:
Сканер әйнегінің немесе құжатты беретін құрал терезесінің таза болуын тексеріңіз.
Сканер әйнегіндегі немесе құжатты беру құралының терезесіндегі дақ немесе шаң
бағдарламалық құралдың құжатты өзгертуге болатын мәтінге түрленуіне кедергі жасайды.
Құжаттың дұрыс жүктелгенін тексеріңіз.
Түпнұсқаның дұрыс салынғанын және құжат түзу қойылғандығын тексеріңіз.
Құжаттағы мәтіннің анық болуын тексеріңіз.
Құжатты өңделетін мәтінге сәтті түрлендіру үшін бастапқы мәтін анық және жоғары сапалы
болуы қажет.
Келесі жағдайлар бағдарламалық құралдың құжатты сәтті түрлендірмеуіне әкелуі мүмкін:
Бастапқы құжаттағы мәтін анық емес немесе мыжылған.
Мәтін тым кішкентай.
72 3-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW