User's Guide
Факс жіберу
Жағдайға немесе қажеттілігіңізге байланысты факсты түрлі жолмен жіберіге болады.
●
Қалыпты факсты жіберу
●
Қалыпты факсты компьютерден жіберу
●
Факсты телефоннан жіберу
●
Мониторда теруді қолдану арқылы факс жіберу
●
Принтер жадын пайдалану арқылы факс жіберу
●
Бірнеше алушыларға факс жіберу
●
Факсты қатені түзету күйінде жіберу
Қалыпты факсты жіберу
Принтердің басқару тақтасын қолдану арқылы оңай бір бетті факс, бірнеше бетті факс, ақ-қара факс
немесе түрлі-түсті факс жіберуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Жалғыз бетті факстерді бастапқысын әйнекке қою арқылы жіберіңіз. Құжатты беру
құралын пайдалану арқылы бірнеше бетті факстерді жіберіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Факстардың сәтті жіберілгені туралы басып шығарылған растау қажет болса, факсты
растауды факстарды жібермес бұрын қосыңыз.
Принтердің басқару тақтасынан стандартты факс жіберу
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
беретін құралға жоғары қаратып салыңыз.
2. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
3. Қазір жіберу түймесін түртіңіз.
4. Пернетақтаны қолдану немесе телефон кітапшасынан таңдау арқылы факс нөмірін енгізіңіз.
КЕҢЕС: Енгізілетін факс нөміріне үзілісті қосу үшін, * түймешігін дисплейде тире (-)
көрсетілгенше басыңыз.
5. Жіберу түймесін түртіңіз.
КЕҢЕС: Әдепкіде принтер ақ-қара түсті факс жіберуге реттеледі. Ақ-қара түсті факс жібергіңіз
келсе, әдепкі түсті өзгерту үшін, ( Факс параметрлері ) түймесін басыңыз.
Егер принтер құжатты беретін құралға түпнұсқаның салынғанын анықтаса, ол құжатты енгізілген
нөмірге жібереді.
КЕҢЕС: Алушы жіберілген факстың сапасына қатысты мәселені хабарласа, факстың
ажыратымдылығын немесе контрастын өзгертіп көріңіз.
KKWW Факс жіберу 77










