User's Guide

Қалыпты факсты компьютерден жіберу
Құжатты басып шығармай компьютерден тікелей факспен жіберуге болады.
Осы мүмкіндік пайдалану үшін HP принтерінің бағдарламалық құралы компьютерге орнатылғанын,
принтердің жұмыс істейтін телефон желісіне жалғанғанын, факс функциясының орнатылғанын және
дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексеріңіз.
Қалыпты факсті компьютер арқылы жіберу (Windows)
1. Факс жіберілетін компьютердегі құжатты ашыңыз.
2. Бағдарламалық құралдың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймешігін басыңыз.
3. Названиеты) тізімінен атауында «факс» делінген принтерді таңдаңыз.
4. Параметрлерді өзгерту үшін (мыс., құжатты қара түсті факс немесе түсті факс ретінде жіберуді
таңдау), Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз. Бағдарламалық
құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции (Опциялар),
Установка принтера (Принтерді орнату), Принтер (Принтер) немесе Предпочтенияаңдаулы
параметрлер) деп аталуы мүмкін.
5. Параметрлерді өзгерткеннен кейін OK түймешігін басыңыз.
6. Печать (Басып шығару) немесе OK түймешігін басыңыз.
7. Алушы үшін факс нөмірін және басқа мәліметтерді енгізіп, факс үшін басқа да параметрлерді
өзгертіңіз және Отправить факс (Факс жіберу) түймешігін басыңыз. Принтер факс нөмірін теруді
және құжатты факс арқылы жіберуді бастайды.
Факсты телефоннан жіберу
Факсты қосымша телефонмен жіберуге болады. Бұл факсты жібермес бұрын алушымен сөйлесуге
мүмкіндік береді.
Факсты қосымша телефоннан жіберу
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
беретін құралға жоғары қаратып салыңыз.
2. Принтерге қосылған телефондағы пернетақтаны қолдану арқылы нөмірді теріңіз.
Алушы телефон қоңырауына жауап берсе, алушыға факс сигналы естілгеннен кейін факс
құрылғысынан факсты қабылдауы тиіс екендігін хабарлаңыз. Қоңырауға факс құрылғысы жауап
берсе, факс құрылғысынан факстың дыбыстық сигналын естисіз.
3. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
4. Қазір жіберу түймесін түртіңіз.
5. Факсты жіберуге дайын болған кезде Жіберу түймесін басыңыз.
КЕҢЕС: Әдепкіде принтер ақ-қара түсті факс жіберуге реттеледі. Ақ-қара түсті факс жібергіңіз
келсе, әдепкі түсті өзгерту үшін, ( Факс параметрлері ) түймесін басыңыз.
78 4-тарау Факс KKWW