Equipment reference manual
Сыртқы антеннаны орнату
Ішкі WLAN антенналары стандартты болып табылады. Компьютер метал дүңгіршекке немесе басқа
корпусқа орнатылуы керек болса, сыртқы WLAN антеннасын пайдаланғыңыз келуі немесе қажет
болуы мүмкін.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден USB флэш драйвері сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
Нұсқауларды Компьютердің алынбалы панелін алу (14-бет) атты бөлімнен қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жеке жарақаттың қаупін азайту үшін, қол тигізбес бұрын ішкі бөлшектерінің
салқындауына уақыт беріңіз.
6. Қатты дискіні ажырату үшін қатты дискінің ысырмасын жоғары бұраңыз және шығарыңыз (1).
7. Дискіні тоқтағанша артқа сырғытып, дискіні жоғары көтеріңіз және ұядан шығарыңыз (2).
8. Егер үлгіңіз EliteDesk 800 65W болса, қатты дискінің астындағы қосалқы желдеткішті алып
тастаңыз.
а. Желдеткіш ашасын жүйелік тақтадан ажыратыңыз (1).
ә. Қосалқы желдеткішті бекітетін үш бұранданы алып тастаңыз (2).
Сыртқы антеннаны орнату 35