Equipment reference manual
13. Ауыстыратын батареяны жағымды жағын жоғары қаратып салыңыз. Батарея ұяшығы автоматты
түрде батареяны дұрыс орына орналастырады.
14. Қатты диск ұясын (1) шассиге орнатыңыз.
15. Қатты диск ұясын шассиге үш бұранданың көмегімен бекітіңіз (2).
16. Егер үлгіңіз EliteDesk 800 65W болса, қатты дискінің астындағы қосалқы желдеткішті орнына
салыңыз.
а. Желдеткішті қатты диск ұясындағы орнына орнатыңыз (1).
ә. Желдеткішті шассиге бекіту үшін үш бұранданы қатайтыңыз (2).
б. Желдеткіш ашасын жүйелік тақтаға (3) жалғаңыз.
17. Қатты дискінің бағыттауыш бұрандаларын қатты диск ұясындағы ойықтармен туралаңыз, қатты
дискіні ұяға басып, оны тоқтап, орнына түскенше алға сырғыта беріңіз (1).
Батареяны ауыстыру 43