User's Guide

3 Компьютерді орнату
Бұл бөлімде компьютер параметрлерін реттеу жолы сипатталған.
Дұрыс желдетуді қамтамасыз ету
Дұрыс желдету компьютердің жұмысы үшін маңызды. Мына нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз.
Келесі суретте көрсетілгендей, компьютердің алдынан және артынан кем дегенде 15,24 см (6,00
дюйм) бос орын қалдырыңыз. (Бұл барлық компьютер үлгілері үшін минималды қашықтық.)
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
Қоршаған ауа температурасы анықталған шамалар аралығында болуы тиіс (мына жерден
қараңыз: Өнім сипаттамалары (12-бет)).
Шкаф ішіне орнату үшін шкапты дұрыс желдетуді қамтамасыз етіңіз, қоршаған ауа
температурасы көрсетілген шектеулерден аспайтын болсын.
Дұрыс желдетуді қамтамасыз ету 13