User's Guide

Келесі суретте көрсетілгендей, компьютердің желдеткіштері немесе кіретін және шығатын ауа
саңылауларын бөгеп тастамаңыз.
Орнату процедуралары
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Тоқ соғу және құралды бүлдіріп алу қаупін азайту үшін, мынадай тәжірибе жасап
көріңіз:
Қуат сымын барлық кезде оңай қол жететін айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
Қуат сымын розеткадан суырып, компьютерді ажыратыңыз (қуат сымын компьютерден суырып
алмаңыз).
Қуат сымының ашасын (жерге қосылған) үш істікшелі розеткаға қосыңыз. Қуат сымының жерге
тұйықтайтын ашасын екі басты адаптерге қоспаңыз. Жерге қосу істікшесі қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз етуде маңызды болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: 1125 Вт қуаты бар компьютер әдеттегі кеңсе ортасына қажет қуаттан көп қуат мөлшерін
қажет етуі мүмкін. Толық мәліметті компьютерге арналған http://www.hp.com/support мекенжайында
орналасқан Орын дайындау нұсқаулығынан көріңіз.
Компьютердің параметрлерін орнату үшін:
1. Тінтуір, пернетақта мен қуат сымын компьютерге жалғаңыз (1).
2. Мониторды компьютерге жалғаңыз (2).
3. Басқа қосымша құралдарды (принтер сияқты) құралмен жабдықталған нұсқауларға сәйкес
қосыңыз.
4. Желі кабелін компьютерге және желі маршрутизаторына немесе LAN құрылғысына қосыңыз.
5. Компьютердің қуат сымын және монитордың қуат сымын айнымалы ток розеткасына жалғаңыз
(3).
14 3-тарау Компьютерді орнату