User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: 60 Гц және 1920 x 1200 пиксель ажыратылымдығынан жоғары мониторлар
үшін Dual Link DVI (DL-DVI) немесе Display Port шығысы бар графикалық карта қажет болуы
мүмкін. DVI үшін жергілікті ажыратымдылыққа қол жеткізу үшін, стандартты DVI-I немесе
DVI-D кабельдерін емес, DL-DVI кабелін пайдалану керек.
HP компьютерлері графикалық карталардың барлығын қолдай бермейді. Жаңа графикалық
карта сатып алмай тұрып, оны мониторыңыз қолдайтынын тексеріңіз. Қолдау көрсетілген
графикалық карталарды табу (16-бет) бөлімін қараңыз.
Көптеген графикалық карталарда екіден көп мониторға қосу ұялары болады, бірақ
мүмкіндіктері бір уақытта тек екі монитор қосумен ғана шектеледі. Графикалық карта
құжатына жүгініңіз немесе картадан
Қолдау көрсетілген графикалық карталарды табу
(16-бет) бөліміндегі процедураға сай ақпаратты іздеңіз.
Кейбір графикалық карталарды монитор сигналын бірнеше шығыс ұясы арқылы көбейту
арқылы бірнеше мониторға қосуға болады. Бұл графика өнімділігін төмендетуі мүмкін.
Графикалық карта құжатына жүгініңіз немесе картадан Қолдау көрсетілген графикалық
карталарды табу (16-бет) бөліміндегі процедураға сай ақпаратты іздеңіз.
Карта шығыс қосқышының монитор кіріс қосқышына сәйкестігін тексеріңіз. (Мониторды
қосу талаптарын анықтау (18-бет) бөлімін қараңыз.)
HP Z сериялы компьютерлерінің әр түрлі үлгілерінде механикалық өлшемге, дерек жіберу
жылдамдығына және қосымша графикалық карталарға берілетін қуатқа әр түрлі шектеулер
қойылады. Графикалық карталар үшін әдепкі жұмыс шегі әр компьютер үшін екі болатынын
ескеріңіз. Компьютерде жаңа графикалық карталардың жұмыс істейтінін тексеру үшін,
кеңейту картасы ұясының анықтағышын Maintenance and Service Guideехникалық күтім
және қызмет көрсету нұсқаулығынан) қараңыз.
3. Бір немесе бірнеше графикалық карта қосу керек болса:
а. Мониторлар саны, пайдаланылатын мониторлармен үйлесімділігі және өнімділігі жағынан
қажеттілігіңізге ең жақсы сәйкес келетін қолдау көрсететін графикалық карта түрін
анықтаңыз. Қолдау көрсетілген графикалық карталарды табу (16-бет) бөлімін қараңыз.
ә. Карталарға сәйкес драйверлердің бар екенін тексеріңіз. HP сәйкес монитор драйверлері үшін
http://www.hp.com қараңыз.
б. Графикалық картаны компьютеріңізге арналған http://www.hp.com/go/sml мекенжайындағы
бейне нұсқауларға қарап орнатыңыз.
в. Мониторды реттеңіз. Мәлімет алу үшін Microsoft® анықтамасын немесе
http://www.microsoft.com қараңыз.
Linux жүйесінде мониторды орнату үшін әдетте сызбалық карталарының параметрлер
құралын пайдалануға болады (мысалы, NVIDIA nvidia-параметрлері немесе AMD Catalyst
басқару орталығы). Кейбір соңғы Linux шығарылымдарында терезе реттеушісі жүйесінің
(мысалы, Gnome 3) теңшелімдерін де өзгерту керек.
КЕҢЕС: Ақаулықтарды жоюды және ықтимал проблемаларды шешуді оңайлату үшін,
мониторларды кезекпен қосыңыз: Алғашқы мониторды қосып, келесі мониторды қосар
алдында оның дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
Қолдау көрсетілген графикалық карталарды табу
Компьютеріңіз қолдайтын графикалық карталар туралы қосымша ақпаратты табу үшін:
16 3-тарау Компьютерді орнату