User's Guide

Мониторларды қосу және теңшеу
ЕСКЕРТПЕ: Қолдайтын графикалық карталары әдетте мына бөлімде көрсетілгендей кемінде екі
мониторды қолдайды; кейбір қолдау көрсетілетін карталар көбірек мониторларды қолдайды. Толық
мәліметтерді графикалық карта құжатынан қараңыз.
1. Монитор кабелі адаптерлерін (1) компьютерге қосып (қажет болса), тиісті монитор кабельдерін
(2) адаптерлерге немесе графикалық карталарға тікелей жалғаңыз.
2. Монитор кабельдерінің екінші ұштарын мониторларға жалғаңыз.
3. Монитор қуат кабелінің бір ұшын мониторға жалғап, екінші ұшын АТ розеткасына қосыңыз.
4. Мониторды реттеңіз. Мәлімет алу үшін Microsoft анықтамасын немесе http://www.microsoft.com
қараңыз.
Linux жүйесінде мониторды орнату үшін әдетте сызбалық карталарының параметрлер құралын
пайдалануға болады (мысалы, NVIDIA nvidia-параметрлері немесе AMD Catalyst басқару
орталығы). Кейбір соңғы Linux шығарылымдарында терезе реттеушісі жүйесінің (мысалы, Gnome
3) теңшелімдерін де өзгерту керек.
Үшінші тарап графикалық конфигурация қызметтік бағдарламасын
пайдалану
Үшінші тарап графикалық карталарында монитор параметрлерін реттеу қызметтік бағдарламасы
болуы мүмкін. Орнатылған соң, бұл қызметтік бағдарлама Windows жүйесіне бекітіледі. Бұл қызметтік
бағдарламаны таңдап, компьютерге бірнеше мониторды қосуға болады.
Мониторларды қосу 19