User's Guide

Толық мәліметтерді графикалық картаңыздың құжатынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үшінші тарап параметрлерді реттеу қызметтік бағдарламалары параметрлерді
реттеу құралын пайдаланбас бұрын мониторларды Windows жүйесінде іске қосуды талап етеді.
Қосымша ақпаратты графикалық карта құжатынан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Монитор параметрлерін реттеу қызметтік бағдарламаларын HP қолдау көрсету веб-
сайтынан да табуға болады.
Монитор дисплейін теңшеу (Windows)
Монитор моделін, жаңарту жиілігін, экран ажыратымдылығын, түс параметрлерін, қаріп өлшемдерін
және қуатты басқару параметрлерін таңдауға немесе өзгертуге болады.
Windows 7 жүйесінде дисплей параметрлерін өзгерту үшін, жұмыс үстеліндегі бос аймақты
тінтуірдің оқ жақ түймесімен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратылымдығы) опциясын
басыңыз.
Windows 10 жүйесінде дисплей параметрлерін өзгерту үшін тапсырмалар тақтасының іздеу
жолағына басқару панелі сөздерін теріп, Панель управления (Басқару тақтасы) бөлімін
таңдаңыз
. Оформление и персонализация (Безендіру және даралау) бөлімін, содан кейін
Дисплей бөлімін таңдаңыз.
Дисплей параметрлерін реттеу туралы қосымша ақпаратты келесі ресурстардан қараңыз:
Графикаларды басқарушы қызметтік бағдарламасымен берілген электрондық құжаттама
Құжаттама монитормен бірге беріледі
Қосымша құрамдас бөлшектерді орнату
Компьютердің үлгісіне қарай, оған (жад, қатты дисктер, оптикалық дисктер, PCIe карталары немесе
екінші процессор сияқты) қосымша құрамдас бөлшектерді орнатуға болады.
Құрамдас бөлшек орнату туралы бейнелерді көру үшін, http://www.hp.com/go/sml мекенжайына
өтіңіз.
Орнату нұсқаулары мен техникалық мәліметтерді http://www.hp.com/support мекенжайындағы
компьютеріңізге арналған Maintenance and Service Guideехникалық күтім жасау және қызмет
көрсету нұсқаулығынан) қараңыз.
Қауіпсіздік
Кейбір HP компьютерлерінің бүйірлік қатынас панелінде құлып болады. Осы құлып кілті компьютер
корпусының артқы панеліне бекітілген күйінде жеткізіледі.
Қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктері ұрлану қаупін азайтады және блок ашылғанда дабыл ойнатады.
Жүйеңізге арналған аппараттық және бағдарламалық құрал қауіпсіздік мүмкіндіктері туралы қосымша
ақпаратты http://www.hp.com/support мекенжайындағы Maintenance and Service Guideехникалық
күтім және қызмет көрсету нұсқаулығынан) қараңыз.
Өнімді қайта өңдеу
HP компаниясы пайдаланылған электрондық жабдықтарды, түпнұсқа HP басып шығару
картридждерін және қайта зарядталатын батареяларын қайта өңдеуге өткізуге шақырады.
20 3-тарау Компьютерді орнату