User's Guide

4 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне
қайтару және қалпына келтіру
Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі
үшін стандартты процедура болып есептеледі.
Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау
Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру
Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында support сөзін жазып, HP Support Assistant
бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Егер планшетте қалпына келтіру процедурасын орындап тұрса, қалпына
келтіру процесін бастамас бұрын планшет батареясының заряды кем дегенде 70% асуы тиіс.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Кез келген қалпына келтіру процесін бастамас бұрын ажыратылатын
пернетақтасы бар планшетті пернетақта қондырмасына жалғаңыз.
Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау
Қалпына келтіру медиасын және сақтық көшірмелер жасаудың келесі әдістерді тек таңдаулы өнім
үлгілерінде ғана қолдануға болады. Жеткілікті әдісті компьютеріңіздің моделіне сәйкес таңдаңыз.
Компьютерді сәтті орнатқаннан кейін HP қалпына келтіру медиа құралын жасау үшін HP Recovery
Manager пайдаланыңыз. Бұл қадамда компьютерде HP Recovery бөлімінің сақтық көшірмесі
жасалады. Сақтық көшірмені қатты диск бүлінген немесе ауыстырылған жағдайларда бастапқы
амалдық жүйені қайта орнату үшін қолдануға болады. Қалпына келтіру медиасын жасау туралы
ақпаратты HP қалпына келтіру медиа құралын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) (23-бет)
бөлімінен қараңыз. Қалпына келтіру медиасы көмегімен қол жетімді қалпына келтіру
мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты Windows құралдарын пайдалану (24-бет) бөлімінен
қараңыз.
Windows құралдарын жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін және жеке мәліметтердің
сақтық көшірмесін жасау үшін пайдаланыңыз. Windows құралдарын пайдалану (24-бет) бөлімін
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына
келтіру құралы әдепкі бойынша ажыратылған болады.
HP қалпына келтіру құралына арналған жүктелетін USB флэш-жадын жасау үшін HP Бұлттық
қалпына келтіру нұсқасын жүктеу құралын таңдаулы өнімдерде пайдаланыңыз. Қосымша
ақпаратты HP Бұлттық қалпына келтіру нұсқасын жүктеу құралын пайдалану (тек таңдаулы
өнімдерде) (24-бет) бөлімінен қараңыз.
22 4-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру