User's Guide

HP қалпына келтіру медиа құралын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Мүмкін болса, Recovery бөлімінің және Windows бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз. Пуск (Бастау) түймесін
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Проводникетектеуші) пәрменін, одан кейін Этот ПК (Осы ДК)
пәрменін таңдаңыз.
Егер компьютерде Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын
қолдау қызметінен алуға болады. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан табуға болады.
http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер компьютерде Recovery бөлімі немесе Windows бөлімі болмаса, компьютерді сәтті түрде
орнатқаннан кейін қалпына келтіру медиасын жасау үшін
HP Recovery Manager құралын
пайдаланыңыз. HP Recovery құралын қатты диск бүлінген жағдайда жүйені қалпына келтіру үшін
қолдануға болады. Жүйені қалпына келтіру зауытта орнатылған бастапқы операциялық жүйесін
және бағдарламалық жасақтаманы қайта орнатады және бағдарламалардың баптауларын
теңшейді. HP Recovery құралын жүйе параметрлерін бейімдеуге немесе қатты дискіні
ауыстырғанда зауыттық кескінді қалпына келтіруге қолдануға болады.
Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
HP Recovery Manager компьютерді тексеріп, медиа құралындағы қажет сақтау көлемін
анықтайды.
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін компьютерде DVD дискілерін жазу мүмкіндігі бар
оптикалық дискенгізгі болуы керек және тек жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R, DVD-R DL
немесе DVD+R DL дискілерін пайдалану керек. CD±RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW
дискілерін немесе BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray) сияқты қайта жазуға болатын
дискілерді пайдаланбаңыз; олар HP Recovery Manager бағдарламалық құралымен
үйлеспейді. Не болмаса, оның орнына жоғары сапалы бос USB флэш картасын қолдануға
болады.
Егер компьютерде DVD дискілеріне жазу мүмкіндігі бар кірістірілген оптикалық диск жетегі
болмаса, бірақ DVD қалпына келтіру медиасын жасағыңыз келсе, қалпына келтіру дискілерін
жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға болады.
Сыртқы оптикалық дискісін қолдансаңыз, ол компьютердегі USB портына тікелей жалғануы
керек. Диск жетегін USB хабы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына жалғауға
болмайды. Егер өзіңіз DVD тасығышын жасай алмасаңыз, HP компаниясынан компьютерді
қалпына келтіру дискілерін алуға болады. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан табуға
болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Қалпына келтіру құралдарын жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
Дискілерді жасау процесі бір сағаттай уақыт алуы мүмкін. Дискілерді жасау процесін
тоқтатпаңыз.
Қажет болса, барлық қалпына келтіру DVD дискілерінің жасалуы аяқталғанға дейін
бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager ағымдағы DVD дискісіне жазуды
аяқтайды. HP Recovery Manager бағдарламасын келесіде іске қосқан кезде жалғастыру
сұралады.
HP қалпына келтіру құралын HP Recovery Manager көмегімен жасау үшін:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы қадамдарды бастамас бұрын ажыратылатын пернетақтасы бар планшетті
пернетақта қондырмасына жалғаңыз.
Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау 23