User's Guide

1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында recovery сөзін жазып, одан кейін HP Recovery
Manager тармағын таңдаңыз.
2. Қалпына келтіру медиа құралын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру
(25-бет) бөлімінен қараңыз.
Windows құралдарын пайдалану
Windows құралдары арқылы қалпына келтіру медиасын, жүйені қалпына келтіру нүктелерін және
жеке ақпаратыңыздың сақтық көшірмелерін жасауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына келтіру
құралы әдепкі бойынша ажыратылған болады.
Қосымша ақпаратты және нұсқауларды Получить справку (Анықтама алу) бағдарламасында қараңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Получить справку (Анықтама алу) бағдарламасын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Получить справку (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке қосылуыңыз
қажет.
HP Бұлттық қалпына келтіру нұсқасын жүктеу құралын пайдалану (тек
таңдаулы өнімдерде)
HP қалпына келтіру құралын HP Бұлттық қалпына келтіру нұсқасын жүктеу құралы көмегімен жасау
үшін
1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз.
2. ПО и драйверы (Бағдарламалық құрал және драйверлер) қойыншасын таңдаңыз, содан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар. Жағдайыңызға ең сәйкес келетін әдіс пен шеберлік
деңгейін таңдаңыз:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Барлық әдістер өнім үлгілерінің барлығында жұмыс істемеуі мүмкін.
Windows жүйесі сақтық көшірмеден қалпына келтіру, компьютерді қалпына келтіру және
компьютерді оның бастапқы қалпына келтіру үшін бірнеше опцияны ұсынады. Қосымша
ақпаратты Получить справку (Анықтама алу) бағдарламасында қараңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Получить справку (Анықтама алу) бағдарламасын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Получить справку (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке қосылуыңыз
қажет.
Алдын ала орнатылған қолданба немесе драйвер мәселесін шешу қажет болса, жекелеген
қолданбаны немесе драйверді қайта орнату үшін HP Recovery Manager бағдарламасының
Драйверлерді және/немесе қолданбаларды қайта орнату опциясын (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдаланыңыз.
24 4-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру