User's Guide

Тапсырмалар тақтасыың іздеу жолағында recovery деп теріп, HP Recovery Manager
бағдарламасын таңдаңыз да, Переустановить драйверы и/или приложениярайверлерді
және/немесе қолданбаларды қайта орнату) параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Планшеттің Windows бөлімін бастапқы зауыттық мазмұнына қалпына келтіру керек болса, HP
Recovery бөліміндегі (тек таңдаулы өнімдерде) жүйені қалпына келтіру опциясын таңдауға
немесе HP Recovery медиа құралын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery
Manager арқылы қалпына келтіру (25-бет) бөлімінен қараңыз. Қалпына келтіру медиа құралы
жасалмаған болса, HP қалпына келтіру медиа құралын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
(23-бет) бөлімін қараңыз.
Таңдаулы өнімдерде, компьютердің бастапқы зауыттық бөлімі мен мазмұнын қалпына келтіру
керек болса немесе қатты диск ауыстырылса, HP қалпына келтіру медиа құралының зауыттық
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager
арқылы қалпына келтіру (25-бет) бөлімінен қараңыз.
Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз
келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін
жою) опциясын ұсынады.
Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (27-бет) бөлімінен
қараңыз.
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламасы жасалған немесе HP компаниясынан алған HP қалпына келтіру
медиасын пайдаланып немесе HP қалпына келтіру бөлімі (тең таңдаулы өнімдерде) арқылы
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтіру медиа құралы
жасалмаған болса, HP қалпына келтіру медиа құралын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) (23-бет)
бөлімін қараңыз.
Жұмысқа кіріспес бұрын маңызды ақпаратпен таңысу қажет
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен бірге берілмеген бағдарламалық
құралдарды не өндірушінің веб-торабынан жүктеп алу, не өндіруші берген медиа құралдан
қайта орнату керек.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіруді компьютер мәселелерін
шешудің ең соңғы шарасы ретінде пайдаланған жөн.
HP Recovery құралы компьютердің қатты дискісінде ақау болғанда қолданылуы керек. Қалпына
келтіру медиа құралы жасалмаған болса, HP қалпына келтіру медиа құралын пайдалану (тек
таңдаулы өнімдерде) (23-бет) бөлімін қараңыз.
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру опциясын қолдану үшін (тек таңдаулы өнімдерде) HP
қалпына келтіру медиа құралын пайдалану керек. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған
болса, HP қалпына келтіру медиа құралын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) (23-бет) бөлімін
қараңыз.
Егер компьютерде HP қалпына келтіру медиасын жасау мүмкін болмаса немесе HP қалпына
келтіру медиа құралы жұмыс істемесе, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға
болады. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан қарауға болады. http://www.hp.com/support
мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 25