User's Guide

ауыстыратын сынақтан өткен драйверлерді қамтиды. Әр кескін белгілі бір Linux операциялық жүйе
шығарылымына арналған.
Сонымен қатар бұл кескіндерді келесі қадамдар арқылы жүктеп алуға болады:
1. http://www.hp.com/support/workstation_swdrivers веб-сайтына өтіңіз.
2. Компьютер үлгісін таңдаңыз.
3. Қалаулы жұмыс жүйесін таңдаңыз.
4. Қажетті орамның Бағдарламаға ие болу сілтемесін басыңыз (әдетте ең соңғы жаңартылған
нұсқасы
).
5. Лицензия келісім-шартын қабылдау үшін Келісемін түймесін басыңыз.
6. Бағдарламалық құралдың ISO кейпін жүктеп алып, DVD жазу мүмкіндігі бар сыртқы оптикалық
жетектің көмегімен жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R, DVD-R DL немесе DVD+R DL дискіне
жазыңыз. Бұл дискілер HP драйвер дискі болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: CD±RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW дискілерін немесе BD-RE (қайта жазуға
арналған Blu-ray) сияқты қайта жазуға болатын дискілерді пайдаланбаңыз; олар HP Recovery
Manager бағдарламалық құралымен үйлеспейді. Үйлесімді сыртқы оптикалық жетекті HP
компаниясынан сатып алуға болады.
Red Hat Enterprise Linux (RHEL) орнату
HP Z сериялы компьютерлері аппараттық құрылғылар технологиясына жарамды RHEL ағымдарында
сертификатталған және қолдауы бар.
RHEL жеке платформа қолдауы туралы ақпарат алу үшін Матрица аппаратной поддержки для
рабочих станций HP Linux (HP жұмыс бекеттеріне арналған Linux аппараттық қолдау матрицасы)
құжатын мына сайттан қараңыз: http://www.hp.com/support/linux_hardware_matrix.
HP компьютерлеріндегі Red Hat сертификациясы туралы ақпарат алу үшін
https://access.redhat.com/ecosystem Сертифицированное аппартное обеспечение
(Сертификатталған аппараттық құрал) пәрменін таңдап экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP драйвер дискі
Red Hat Linux соңғы нұсқалары әдетте HP жұмыс компьютерлерін қолдау үшін тек жеңіл түзетулерге
ие драйвер жаңартуларын қажет етеді. Бұл шығарылымдар әдетте Red Hat Linux стандартты орнату
үшін орнатудан кейінгі қызметтік бағдарлама ретінде пайдаланылатын HP веб-сайтындағы тиісті
драйвер USB флеш жетегімен немесе оптикалық дискімен беріледі. Қосымша ақпаратты HP Linux
драйвер дискілері (29-бет) бөлімінен қараңыз.
Стандартты Red Hat жүйесін орнатқаннан кейін жүйені қайта бастаңыз, Red Hat бірінші қосу
орындалады. Бірнеше параметрлер анықталған соң (қауіпсіздік деңгейі, уақыты мен күні, түбір құпия
сөзі және пайдаланушы тіркелгілері сияқты), қызметтік бағдарлама қосымша USB флеш жетегін
немесе оптикалық дискіні жүктеуге мүмкіндік береді.
Драйвер медиасы осы сатыда қолданылады. HP қосқан барлық мазмұн медиасы /HP нұсқаулығында.
Өз бейнеңізді жасауға немесе HP мазмұнын қарап шығуға болады.
Медиадағы элементтерге арналған кез келген соңғы минутта README меңзерлері үшін дисктегі /HP
каталогын қараңыз.
30 5-тарау Linux жүйесін орнату