User's Guide

6 Компьютерді жаңарту
HP компьютерді пайдалану сапасын арттыру жолында тынбай қызмет етеді. Компьютер ең соңғы
жаңартуларды қолдануы үшін, HP сізге соңғы базалық кіріс-шығыс жүйесін, драйверді және
бағдарлама жаңартуларын әрқашан орнатып отыруға кеңес береді.
Алғаш рет жүктегеннен кейін компьютерді жаңарту
Компьютерді алғаш рет сәтті бастағаннан кейін, оны жаңарту үшін мына қадамдарды орындаңыз:
BIOS жүйесінің соңғы нұсқасы жүктелгендігін тексеріңіз. BIOS нұсқасын жаңарту (33-бет) бөлімін
қараңыз.
Драйверлердің соңғы нұсқасы қолданылғанын тексеріңіз. Құрылғы драйверлерін жаңарту
(34-бет) бөлімін қараңыз.
HP дерек көздерімен таныс болыңыз.
Драйвер ескертулеріне мына жерден жазылуға болады: https://h41369.www4.hp.com/alerts-
signup.php.
BIOS нұсқасын жаңарту
Оңтайлы өнімділік үшін компьютердегі BIOS нұсқасын анықтап, қажет болса жаңартыңыз.
Ағымдағы BIOS нұсқасын анықтау
Ағымдағы базалық кіріс-шығыс жүйесінің нұсқасын анықтау үшін:
1. Қосу барысында (жүктеу) Esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup (F10) утилитасына кіру үшін F10 пернесін басыңыз.
3. Главная (Негізгі), одан кейін Сведения о системеүйе туралы ақпарат) пәрмендерін таңдаңыз.
Компьютер жүйесінің BIOS нұсқасын ескеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: BIOS жүйесі, сонымен қатар Computer Setup (F10) құралы BIOS мәзірінің параметрлері
үшін http://www.hp.com/support мекенжайындағы Maintenance and Service Guideехникалық
күтім және қызмет көрсету нұсқаулығын) қараңыз.
Алғаш рет жүктегеннен кейін компьютерді жаңарту 33