User's Guide

BIOS нұсқасын жаңарту
Ең соңғы кеңейтімдерді қамтитын ең соңғы қол жетімді BIOS нұсқасын тауып жүктеңіз:
1. https://support.hp.com/us-en/products/workstations-thin-clients/ веб-сайтына өтіңіз.
2. Өнімді таңдаңыз.
3. ПО и драйверы (Бағдарламалық құрал мен драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын таңдаңыз.
4. Компьютерге қолжетімді соңғы BIOS нұсқасын табу үшін нұсқауларды орындаңыз.
5. Компьютеріңіздегі BIOS нұсқасын веб-сайттағы BIOS нұсқаларымен салыстырыңыз (Ағымдағы
BIOS нұсқасын анықтау (33-бет) қараңыз). Егер веб-сайттағы BIOS нұсқасы сіздің құралыңыздағы
нұсқамен бірдей болса, басқа әрекеттер қажет емес.
6. Егер веб-сайттағы BIOS нұсқасы сіздің құралыңыздағы нұсқадан жаңалау болса, компьютеріңізге
жүктеп алыңыз. Орнатуды аяқтау үшін ақпарат парақшаларындағы нұсқауларды мұқият
орындаңыз.
Құрылғы драйверлерін жаңарту
Егер сыртқы (принтер, дисплей адаптері немесе желі адаптері сияқты) құрылғы орнатсаңыз,
құрылғылардың драйверлерінің нұсқасы жаңартылғанын тексеріңіз. Егер құрылғыны HP компаниясы
арқылы алсаңыз, HP веб-сайтына кіріп, соңғы драйверлерді жүктеңіз. Бұл драйверлер сіздің
құрылғыңыз бен HP компьютері үйлесімділігі жоғары болу мақсатында тексерістен өткен.
Егер құрылғыны HP компаниясынан алмасаңыз, HP сіздің құрылғыңыз және драйверлердің HP
компьютеріне үйлесімділігін білу үшін алдымен HP веб-сайтына өтіңіз. Егер ешқандай драйвер
болмаса, соңғы нұсқасын жүктеп алу үшін құрылғы өндірушісінің веб-сайтына өтіңіз.
Құрал драйверлені жаңарту үшін:
1. https://support.hp.com/us-en/products/workstations-thin-clients/ мекенжайына өтіп, өнімді
таңдаңыз.
2. Компьютерге қолжетімді драйверлердің соңғы нұсқасын табу үшін нұсқауларды орындаңыз.
Қажетті драйвер табылмаса, сыртқы құрылғы өндірушісінің веб-торабынан қараңыз.
34 6-тарау Компьютерді жаңарту