User's Guide

7 Техникалық күтім жасау,
диагностикалау және жеңіл
ақаулықтарды жою
Компьютерді өшіру
Компьютерді дұрыс өшіру үшін алдымен амалдық жүйенің жұмысын аяқтаңыз.
ЕСКЕРТУ: HP компаниясы жүйені өшіру үшін қуат түймесін басып тұруды ұсынбайды. Бұл
пайдаланушы деректерінің жойылуына және жад құрылғысының зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
Жүйе тұрақсыз және басқа балама әдістер қолжетімді болмаса, компьютерді өшіріп қайта бастағаннан
кейін жүйенің толық оянуы үшін жеткілікті уақыт беріңіз. Әсіресе сыйымдылығы үлкен не қатты
күйдегі құрылғыларда бұл бірнеше минутты алуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін
http://www8.hp.com/h20195/v2/GetPDF.aspx/4AA6-1470ENW.pdf сілтемесі бойынша Risks of unexpected
power loss on solid state drives (Қатты күйдегі дискілердегі күтілмеген қуат жоғалту қатерлері) бөлімін
қараңыз. HP компьютерінің ресми құжаттарына HP өнімділігі бойынша кеңесші арқылы кіруге болады.
Windows 10
Іске қосу белгішесін, Қуат белгішесін басыңыз, содан кейін Өшіру опциясын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасынан параметрлер сөзін теріп, Параметрлер опциясын таңдаңыз, өшіру
сөзін теріп, Компьютерді өшіру түймесін басыңыз.
Windows 7
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Завершить работу (Жұмысты аяқтау) тармағын таңдаңыз.
Мәселелер орын алса
Мәселелерді анықтап шешу үшін HP компаниясы ақаулықтарды жоюдың тізбекті тәсілін орындауды
ұсынады:
Көріп тексеру
Жыпылықтау немесе дыбыс сигналы кодтары
жалпы ақаулықтар жою процедурасы, соның ішінде HP PC Hardware Diagnostics
HP қолдау қызметі
Жүйені алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Қосымша ақпаратты Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау (22-бет)
бөлімінен қараңыз.
Бұл ақаулықтарды жою стратегиялары келесі бөлімдерде сипатталады.
Компьютерді өшіру 35