User's Guide

Қосымша ақпарат алу
Ақаулықтарды жою туралы қосымша ақпаратты кең ауқымды (тек ағылшын тілінде жазылған)
Maintenance and Service Guideехникалық күтім жасау және қызмет көрсету нұсқаулығынан) қараңыз.
Оны http://www.hp.com/support веб-сайтындағы анықтамалық кітапханадан таба аласыз. Тіл мен
еліңізді таңдап, Посмотреть информацию о поддержке и устранению неполадок (Өнім қолдауы және
ақаулықтарды жою) параметрін таңдаңыз да, компьютер үлгісінің нөмірін енгізіңіз де, Поиск (Іздеу)
пернесін басыңыз.
Көріп тексеру
Компьютер, монитор немесе бағдарлама ақаулығы орын алса, төменде берілген жалпы кеңестер
пайдалы болуы мүмкін.
Іске қосу кезінде
Компьютердің жұмыс істеп тұрған айнымалы ток көзіне қосылғанын тексеріңіз.
Компьютерді қосар алдында оптикалық дискілер мен USB флэш-дискілерін алып тастаңыз.
Компьютер мен қуат шамы қосулы екенін тексеріңіз.
Егер өндіруші орнатқаннан амалдық жүйеден басқа амалдық жүйе орнатсаңыз,
http://www.hp.com/go/quickspecs мекенжайына өтіп, оның осы жүйеде қолдау көрсетілгенін
тексеріңіз.
Дисплей панелінің жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қосымша сыртқы мониторыңыз болса:
Монитордың жұмыс істеп тұрған айнымалы ток көзіне қосылғанын тексеріңіз.
Монитор қосулы екенін және жасыл монитор шамының жанып тұрғанын тексеріңіз.
Монитор көмескі болса, жарық және контраст деңгейін күшейтіңіз.
Жұмыс барысында
Компьютердегі сигналдар мен жыпылықтайтын шамдар мәселені анықтауға көмектесетін қате
кодтары болып табылады. Бұл кодтарды түсіндіру туралы қосымша ақпарат алу үшін
компьютеріңізге арналған Maintenance and Service Guideехникалық күтім жасау және қызмет
көрсету нұсқаулығының) Diagnostic LED and audible (beep) codes (Диагностикалық диод пен
дыбыстық кодтар (сигналдар)) бөлімін қараңыз.
Кез келген пернені басып тұрыңыз. Егер жүйе дыбыстық сигнал берсе, пернетақтаның дұрыс
жұмыс істеп тұрғаны.
Кабельдердің дұрыс жалғанып тұрғанын тексеріңіз.
Пернетақтадағы кез-келген пернені немесе қуат түймесін басу арқылы компьютерді оятыңыз.
Егер жүйе күту режимінде қалса, қуат түймесін кемінде төрт секунд басып тұрып, жүйені өшіріңіз.
Содан кейін, жүйені іске қосу үшін қуат түймесін қайта басыңыз.
Егер жүйе өшпесе, қуат сымын ажыратып, бірнеше секунд күтіп, оны қайта қосыңыз. Жүйе қайта
іске қосылмаса, қуат пернесін басыңыз.
Барлық қажетті құрылғы драйверлерінің орнатылғанына көз жеткізіңіз. Мысалы, егер сіз принтер
орнатсаңыз, принтер драйвын орнату қажет.
36 7-тарау Техникалық күтім жасау, диагностикалау және жеңіл ақаулықтарды жою