User's Guide

Мәселеңіз шешілмесе, компьютердегі желілік ұяшық немесе қабырғадағы желілік ұяшық
ақаулығы болуы мүмкін.
Жақында жаңа құрылғы қосқан болсаңыз, ол құрылғыны алып тастаңыз.
Жақында жаңа бағдарламалық құрал орнатқан болсаңыз, оны жойыңыз.
Компьютер іске қосылып, бірақ операциялық жүйе жүктелмесе, HP PC Hardware Diagnostics
«жүктеу алдындағы» диагностикалық бағдарламасын іске қосыңыз. HP PC Hardware Diagnostics
(UEFI) пайдалану (40-бет) бөлімін қараңыз.
Компьютердің операциялық жүйесі іске қосылып, Интернетке кіру мүмкіндігі қолжетімді болса,
http://www.hp.com/go/ispe сілтемесіндегі HP жедел қолдау көрсету шығарылымын ашу құқығына
ие болуыңыз мүмкін.
HP қолдау
Онлайн қолдау көрсету
Онлайн қолдау деректерінің құрамына веб-сайт негізіндегі ақаулық жою құралдары, техникалық білім
дереккөздері, драйвер мен патч жүктеулері, желі қауымдастықтары және өнім өзгеруін хабарландыру
қызметтері кіреді.
Келесі веб-тораптарды да қолдануыңызға болады:
http://www.hp.com—Өнім туралы пайдалы ақпарат береді.
http://www.hp.com/support веб-сайты жаңартылған ақпараттарды және әлем бойынша
техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
https://support.hp.com/us-en/products/workstations-thin-clients/ веб-сайты компьютерлерге
техникалық қолдау көрсетеді.
http://www.hp.com/support/workstation_swdrivers веб-сайты компьютерлерге арналған
бағдарламалық құралдар мен драйверлерді ұсынады.
Жұмыс станцияларына және жұқа клиенттерге арналған тұтынушыларды қолдау қызметі
1. https://support.hp.com/us-en/products/workstations-thin-clients/ веб-сайтына өтіңіз.
2. Өніміңізді іздеңіз.
3. Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) параметрін таңдаңыз.
4. Жоятын ақауды таңдаңыз.
Тұтынушыларға арналған кеңестер, бюллетеньдер және ескертпелер
Тұтынушыларға арналған кеңестер, бюллетеньдер мен ескертпелерді табу үшін
1. https://support.hp.com/us-en/products/workstations-thin-clients/ веб-сайтына өтіңіз.
2. Өнімді таңдаңыз.
3. Консультацииұтынушыларға арналған кеңестер) немесе Бюллетени и уведомления
(Бюллетеньдер және ескертпелер) опциясын таңдаңыз.
4. Көру үшін элементті таңдаңыз.
Өнім өзгерістері жөніндегі хабарландырулар
Өнім өзгерістері туралы хабарлар (PCN) – өнім өзгертілген соң 30-60 күн аралығында өзгерістер туралы
хабарлайтын жазбалар. Өнім өзгерістері туралы хабарлар (PCNs) сізді өнім өзгерістері туралы алдын
38 7-тарау Техникалық күтім жасау, диагностикалау және жеңіл ақаулықтарды жою