User's Guide

9 Күнделікті күтім
Жалпы тазалау туралы қауіпсіздік ескертулері
Компьютерді тазалау үшін еріткіштер мен тез жалындайтын сұйықтықтарды пайдаланбаңыз.
Бөлшектерін суға немесе тазалайтын ерітіндіге салмаңыз; таза матаға алдымен сұйықтықты
шашып алып, сүртуге болады.
Пернетақта, тінтуір немесе желдеткіштерін тазалау үшін компьютерді қуат көзінен ажыратыңыз.
Пернетақтаны тазалар алдында суырып тастаңыз.
Пернетақтаны тазалағанда екі жағында қалқаны бар көзілдірік киіңіз.
Шассиді тазалау
Компьютерді тазаламас бұрын оған арналған Maintenance and Service Guideехникалық күтім
және қызмет көрсету нұсқаулығындағы) қауіпсіздік ескертулерін орындаңыз.
Дақтары мен кірін кетіру үшін түксіз мата мен таза су қолданыңыз.
Дақтар кетпесе, жұмсақ ыдыс жуу сұйықтығын сумен араластырып тазалаңыз. Компьютердің
үстін таза сумен дымқылданған матамен сүртіп алыңыз.
Егер кетпесе, изопропил спиртін (ысатын) қолданыңыз. Үстінен сүрту қажет емес, себебі спирт
жылдам ұшып кетеді және ізін қалдырмайды.
Тазалап болған соң, компьютерді әрқашан таза, түксіз матамен сүртіп алыңыз.
Анда-санда компьютердің желдеткіштерін тазалап алыңыз. Ұлпа және өзге бөгде зат
саңылауларды бөгеп, ауа ағынын шектеуі мүмкін.
Пернетақтаны тазалау
ЕСКЕРТУ: Пернелер астындағы жарықшақтарды тазалағанда екі жағында қалқаны бар қауіпсіздік
көзілдірігін киіңіз.
Алдымен пернетақтаны суырыңыз.
Компьютерді тазаламас бұрын оған арналған Maintenance and Service Guideехникалық күтім
және қызмет көрсету нұсқаулығындағы) қауіпсіздік ескертулерін орындаңыз.
Пернелер астындағы немесе арасындағы жарқыншақтарды шаң сорғышпен немесе қағып
түсіруге болады.
Пернелер астындағы жарқыншақтарды тығыздалған ауамен де тазалауға болады. Абайлап
қолданыңыз, себебі ауа ағыны кең пернелер астындағы майларды ала кетуі мүмкін.
Пернені алсаңыз, пернені бүлдіріп алмас үшін, арнаулы перне алатын құралды қолданыңыз. Бұл
құралды көптеген электрондық жабдықтар сататын дүкендерден табуға болады.
ЕСКЕРТУ: Пернетақтадан кең пернелерді (бос орын пернесі сияқты) алмаңыз. Егер бұл пернелер
дұрыс алынбаса немесе орнатылмаса, пернетақта дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
42 9-тарау Күнделікті күтім