User's Guide

Перне астын мақталы ұшы изопропилмен ылғалданған таяқшамен тазалап алыңыз. Перне
жұмысына қажетті майларды қоса сүртіп тастамаңыз. Бөлшектерін орнына құрғатып салыңыз.
Қуыстарындағы шаң мен жүнді алу үшін қысқыш қолданыңыз.
Мониторды тазалау
Мониторды тазаламас бұрын компьютерге арналған Maintenance and Service Guideехникалық
күтім және қызмет көрсету нұсқаулығындағы) қауіпсіздік шараларын орындаңыз.
Мониторды тазалау үшін монитор экранын тазалайтын арнаулы салфеткалармен немесе сумен
дымқылданған таза матамен сүртіп алыңыз
.
ЕСКЕРТУ: Шашқыштар мен аэрозольді экранға тікелей шашпаңыз – сұйықтық ішіне еніп кетсе,
бөлшектерін бүлдіруі мүмкін.
Еріткіштер немесе тез жалындайтын сұйықтықтарды мониторды тазалауға қолданбаңыз,
дисплейі мен ішкі бөлшектерін бүлдіруі мүмкін.
Тінтуірді тазалау
1. Тінтуірді тазаламас бұрын компьютерге арналған Maintenance and Service Guideехникалық күтім
және қызмет көрсету нұсқаулығындағы) қауіпсіздік шараларын орындаңыз.
2. Тінтуір қосылып тұрса, суырыңыз.
3. Тінтуірді ылғалданған матамен сүртіп алыңыз.
4. Келесі бөліктерді ұсынылғандай тазалаңыз:
Лазер мен жарықдиодты шам: тазалайтын сұйықтықпен ылғалданған мақталы таяқшаны
қолданып, лазер мен жарықдиодты шамның айналасындағы шаңды сүртіп алыңыз да,
соңынан құрғақ мақталы таяқшамен тағы бір рет сүртіңіз. Лазер мен жарықдиодты шамды
тікелей таяқшамен сүртпеңіз.
Айналдыру дөңгелекшесі: құтыдағы тығыздалған ауаны дөңгелек қуыстарына шашып,
түймелерін басыңыз. Ауаны бір жеріне ұзақ уақыт шашпаңыз.
Шары бар допша: допшасын алып тазалаңыз, ұяшығындағы шаңды сүртіп алыңыз да,
құрғақ матамен тағы бір рет сүртіңіз, одан кейін тінтуірдің бөлшектерін орнына салыңыз.
Мониторды тазалау 43