Equipment reference manual

WLAN модулін ауыстыру
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден USB флэш драйвері сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Алынбалы панелін алу.
Нұсқауларды Алынбалы тақтаны алу (10-бет) атты бөлімнен қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жеке жарақаттың қаупін азайту үшін, қол тигізбес бұрын ішкі бөлшектерінің
салқындауына уақыт беріңіз.
6. Компьютер төмендегі суретке ұқсас болса, желдеткіш жинағын алыңыз.
а. Желдеткіш жинағының тығынын кабелін (1) жүйелік тақтадан ажыратыңыз.
ә. Желдеткіш жинағын бекітетін (2) түсіп қалмайтын бұрандаларды босатыңыз.
б. Желдеткіш жинағын шассиден (3) көтеріп алыңыз.
24 3-тарау Құрылғы жаңартулары