User's Guide

Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Шағын SIM картасы ұясы Сымсыз абонентті анықтау модулі (SIM) картасын
қолдайды.
SIM картасын орнату қадамдарын SIM картасын енгізу (тек
таңдаулы өнімдерде) (19-бет) бөлімінен қараңыз.
(2) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(3) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB 3.x SuperSpeed порты
USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықпен
деректер беруді қамтамасыз етеді және компьютер өшірулі
болса да, ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе
смарт сағат сияқты өнімдерді зарядтайды.
(4) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде:
Ақ: Батарея заряды 90% асады.
Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында.
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея
зарядталмай тұрғанда):
Сары түсте жыпылықтау: Батарея заряды аз деңгейге
жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде,
батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды.
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
(5) USB Type-C қуат қосқышы және HP Sleep and
Charge (HP ұйқы және зарядтау) мүмкіндігі
бар Thunderbolt порты (2)
Компьютерге қуат беретін және, қажет болса, компьютер
батареясын зарядтайтын USB Type-C қосқышы бар
айнымалы ток адаптерін қосады.
– және –
Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты, Type-C коннекторы бар USB құрылғыларының
көбін жалғап, зарядтайды және деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек
сатылады) қажет болуы мүмкін.
– және –
DisplayPort шығыс ұясын қамтамасыз ету арқылы USB Type-
C қосқышы бар дисплей құрылғысын жалғаңыз.
Оң жағы 5