User's Guide

Бөлік Сипаттама
ЕСКЕРТПЕ: Сонымен қатар, компьютеріңіз Thunderbolt
қондыру станциясына қолдау көрсетуі мүмкін.
Сол жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз
қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
(2) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(3) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB 3.x SuperSpeed порты
USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықпен
деректер беруді қамтамасыз етеді және компьютер өшірулі
болса да, ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе
смарт сағат сияқты өнімдерді зарядтайды.
(4) Аудио шығыс (құлаққап)/Аудио кіріс
(микрофон) комбо ұяшығы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
6 2-тарау Бөліктер