User's Guide
Дисплей
Бөлік Сипаттама
(1) WWAN антенналары* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында
сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды.
(2) Камера шамдары Қосулы: Бір немесе бірнеше камера пайдалануда.
(3) Ішкі микрофондар Дыбыс жазады.
(4) Камералар Чатты түсіру, бейнені жазу және фотосуреттерді жазу мүмкіндігін
береді. Камераны пайдалану үшін Камераны пайдалану (тек
таңдаулы өнімдерде) (31-бет) бөлімін қараңыз: Кейбір
камераларда құпия сөз орнына бет әлпетін тануды пайдаланып
Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді. Қосымша
ақпаратты Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы
өнімдерде) (52-бет) бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Камера функциялары камераның аппараттық
құралына және өнімде орнатылған бағдарламалық құралға
байланысты өзгеше болуы мүмкін.
(5) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін
сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды.
*Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды
тез арада кедергілерден тазалаңыз.
Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын
таңдаңыз.
– немесе –
8 2-тарау Бөліктер










