User's Guide

Әрекет пернелері
Әрекет пернесі пернесінде белгішемен көрсетілетін функцияны орындайды. Өнімдегі пернелерді
анықтау үшін Арнайы пернелер (13-бет) бөлімін қараңыз.
Әрекет пернесін пайдалану үшін оны басып ұстап тұрыңыз.
Белгіше Сипаттама
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге жалғанған болса, пернені қайта-қайта басу компьютер мен мониторда бір
уақытта көрсету үшін экран кескінін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырады.
Басқа адамдардың жан-жақтан көруіне жол бермейді. Егер қажет болса, жарығы аз немесе қараңғы
орталардың жарықтығын азайтыңыз немесе көбейтіңіз. Құпиялылық экранын өшіру үшін, пернені
қайта басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Ең жоғары қауіпсіздік параметрін тез қосу үшін fn+p пернелерін басыңыз.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Микрофонды үнсіздендіреді.
Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
num lk пернесі Орнатылған сандар пернетақтасын қосады және өшіреді.
Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Бизнеске арналған Skype бағдарламасының күнтізбесін жылдам ашуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін бизнеске арналған Skype® бағдарламасы немесе Lync®
2013 клиенті Microsoft Exchange немесе Oice 365® серверлерінде орнатылған болуы тиіс.
14 2-тарау Бөліктер