Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы
© Copyright 2018, 2019 HP Development Company, L.P. Windows – тіркелген сауда белгісі немесе АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мәліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулық HP ProDesk Business ДК жаңарту үшін қажет негізгі ақпаратпен қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Алды алынбаса, ауыр жарақатқа немесе өлім жағдайларына себеп болуы мүмкін болатын қауіпті жағдайды көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Алды алынбаса, өлім жеңіл немесе орташа жарақатқа себеп болуы мүмкін болған қауіпті жағдайды көрсетеді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Маңызды, бірақ қауіпті емес ақпаратты көрсетеді (мысалы, мүліктік залалға қатысты хабарлар).
iv Осы нұсқаулық туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ...................................................................................................................................... 1 Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері ................................................................................................... 1 Алдыңғы панель құрамдас бөлшектері ............................................................................................................ 2 Артқы панель құрамдас бөлшектері ........................
қосымшасы ә Электр статикалық разряд ..................................................................................................... 41 Электрстатикалық разрядты болдырмау ....................................................................................................... 41 Жерге қосу әдістері ............................................................................................................................................
Индекс ..........................................................................................................................................................
viii
1 Өнім мүмкіндіктері Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері Мүмкіндіктер үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Компьютеріңіздің үлгісінде орнатылған құрал және бағдарламалық құрал туралы көбірек білу үшін және қолдау көмекшісін ашу үшін HP Support Assistant қызметтік бағдарламасын іске қосыңыз.
Алдыңғы панель құрамдас бөлшектері Драйв конфигурациясы үлгіге қарай әр түрлі болады. Кейбір үлгілерде бір немесе бірнеше драйв саңылауын жабатын қақпақша болады.
Артқы панель құрамдас бөлшектері vPro және vPro басқа жүйелердегі артқы құрамдас бөліктерге арналған келесі кескіндер мен кестелерді қараңыз.
vPro басқа жүйелер Кесте 1-3 Артқы панель құрамдас бөлшектері Құрамдас бөлшек Құрамдас бөлшек 1 Аудио кіріс ұясы 6 Қосылған аудио құралдардың аудио шығыс ұяшығы 2 Қос режимді DisplayPort монитор қосқыштары (2) 7 RJ-45 (желі) ұясы 3 Қосымша порт 8 Сериялық порт (тек таңдаулы өнімдерде) 4 S4/S5 мүмкіндігінен (4) ізі бар USB порттары 9 Қуат сымының қосқышы 5 USB SuperSpeed порттары (2) ЕСКЕРТПЕ: USB пернетақтасын пайдалансаңыз, HP компаниясы пернетақтаны S4/S5 мүмкіндігінен ізі бар USB пор
Сериялық нөмір орны Әрбір компьютерде компьютердің сыртында орналасқан сериялық нөмір және өнімнің жеке анықтағыш нөмірі бар. Көмек алу үшін қолдау көрсету қызметіне хабарласқан кезде осы нөмірлерді пайдалану үшін дайындап отырыңыз.
2 Құрылғы жаңартулары Қызмет көрсету функциялары Бұл компьютердің жаңартуды және қызмет көрсетуды жеңілдететін функциялары бар. Torx T15 немесе жалпақ ұшты бұрауыш осы тарауда сипатталған кейбір орнату процедуралары үшін қажет. Ескертулер мен сақтандырулар Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын, сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйелік тақтада әрқашан ток болады. Компьютердің ішкі құрамдас бөлшектері бүлінуінің алдын алу үшін, қуат сымын ажыратып қою керек.
Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру Панельді компьютерге орналастырып (1), оны тарапқа орнына түспейінше сырғытыңыз (2). Алдыңғы беттік панельді алу 8 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз). 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) бөлімін қараңыз.
3. Жапқыштың (1) бүйіріндегі тартқышты көтеріп, шассидің (2) жапқышын айналдырыңыз. Жұқа оптикалық диск жетегінің беттік панель бітеуішін алу Кейбір үлгілерде жұқа оптикалық дискінің саңылауын жабатын қақпақша болады. Оптикалық дискіні орнатпас бұрын бітеуіш жапқышты алыңыз. Бітеуіш жапқышты алу: 1. Компьютердің алынбалы панелі мен алдыңғы жапқышын алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) және Алдыңғы беттік панельді алу (8-бет) бөлімдерін қараңыз.
2. Қақпақ бітеуішін алып тастау үшін бүйірін басыңыз (1), негізгі панельден шығарып тастаңыз (2) және содан кейін бітеуішті беттік панельден шығарып алыңыз (3). Алдыңғы беттік панельді ауыстыру Жапқыштың төменгі жиегіндегі үш ілгекті шассидің төртбұрыш саңылауына (1) енгізіп, жапқыштың жоғарғы жағын корпусқа (2) бұраңыз да, орнына сырт еткізіп қойыңыз.
Жүйелік тақта қосқыштары Үлгіңізге арналған жүйе тақтасын анықтау үшін келесі суреттер мен кестелерді қараңыз.
Кесте 2-1 Жүйелік тақта қосқыштары (жалғасы) № Жүйелік тақта қосқышы Жүйелік тақта жапсырмасы Түсі Бөлік 14 M.2 SSD SSD Қара M.2 SSD жад картасы 15 M.2 WLAN WLAN Қара M.2 WLAN картасы Жүйе жадын жаңарту Компьютер 4 синхронды динамикалық ерікті жетімділік жады (DDR4-SDRAM) орнатылған жад модульдерімен (DIMM құралдар) жабдықталған. Жүйелік тақтадағы жад ұяшықтарына кемінде бір алдын ала орнатылған жад модулі салынған.
● Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді жүйесінде ең аз жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін және жалғыз арнаға тағайындалған қалдықты сипаттайды. Оңтайлы жылдамдық үішн, арналар жадтың үлкен көлемінің екі арналар араларында таралатындай теңестірілуі қажет. Егер бір арнаның жады басқасынан қарағанда артық болса, үлкендеу мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс.
3. Жад модулінің ұяшығының екі ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз. Модульдің толығымен енгізіліп, дұрыс орнатылғанына көз жеткізіп, модульді ұяшығына басыңыз. Ысырмалардың жабық күйде екенін (3) тексеріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз. Ақ түсті DIMM ұяшықтарынан бұрын қара түсті DIMM ұяшықтарын толтырыңыз.
3. Кертпенің тартқышын көтеріп және кертпені ашық жағына қарай айналдыру арқылы ұяшық қақпағының тіреуішін босатыңыз. 4. Дұрыс бос кеңейту ұяшығын жүйе тақтасына және сәйкес кеңейту ұяшығын компьютер шассиінің артына орналастырыңыз. 5. Кеңейту картасын орнатуға дейін кеңейту ұяшығының қақпағын немесе ішінде тұрған кеңейту картасын алып тастаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Орнатылған кеңейту картасын алу үшін, кеңейту картасына жалғанып тұрған барлық кабельдерді ажыратыңыз. а.
ә. 16 PCI Express ×1 картасын алып тастап жатқан болсаңыз, картаны әрбір ұшынан ұстап, ақырын кері шайқаңыз да, қосқыштар ұядан босағанша күшпен тартыңыз. Кеңейту картасын (1) корпустың (2) ішкі жағынан шығарып алу үшін жоғары қарай тіке көтеріңіз. Картаны басқа құрамдас бөлшектерге соғып алмаңыз.
б. Егер PCI Express ×16 картасын алып тастасаңыз, кеңейту ұясының артындағы ұстап тұратын иінтірегін картадан тартып шығарыңыз (1) және қосқыштар ұядан босағанша картаны абайлап артқа және алға қозғаңыз. Кеңейту картасын корпустың (3) ішкі жағынан шығарып алу үшін, жоғары қарай тіке (2) көтеріңіз. Картаны басқа құрамдас бөлшектерге соғып алмаңыз. 6. Алынған картаны антистатик материалмен ораңыз. 7. Егер жаңа кеңейту картасын салу қажет болмаса, ашық ұяшықты жабу үшін, ұяшықтың қақпағын орнатыңыз.
8. Жаңа кеңейту картасын орнату үшін жүйе тақтасының кеңейту ұяшығының үстіне тақап ұстап тұрыңыз да, картаның тетікшелері шассидің артындағы саңылауға дәл келетіндей етіп шассидің артына (1) қарай картаны жылжытыңыз. Картаны жүйе тақтасындағы кеңейту ұяшығына (2) төмен қарай тура басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кеңейту картасын орнатқанда жалғағыш толығымен кеңейту ұяшығында дұрыс орналасатындай етіп картаны қаттырақ басыңыз. 9.
10. Қажет болса, орнатылған картаға сыртқы кабельдерді жалғаңыз. Қажет болса, жүйе тақтасына сыртқы кабельдерді жалғаңыз. 11. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 12. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 13. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз. 14. Қажет болса, компьютер конфигурациясын қайта орындаңыз.
20 ● Негізгі сериялық ATA (SATA) қатты дискісі жүйе тақтасындағы SATA0 таңбасы бар қою көк түсті негізгі SATA жалғағышына жалғануы керек. ● Екінші қатты дискілер мен оптикалық дискілерді жүйе тақтасындағы бір ашық-көк SATA жалғағышына қосыңыз (SATA1 және SATA2 деген жапсырмалары бар). ● Дискілерді алу үшін, диск ұясының артқы жағын (1) көтеріп, құлыптан босатыңыз. Диск ұясын (2) артқа сырғытып, босатыңыз. Диск ұясын көтеріп, шығарып алыңыз (3).
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: болдырмау үшін: Жұмысты жоғалтып алудың және компьютер немесе дискінің бүлінуін Егер драйвты салсаңыз немесе алсаңыз, жұмыс жүйесін дұрыстап өшіріңіз, компьютерді өшіріңіз және қуат сымын ажыратыңыз. Компьютер қосылып тұрғанда немесе күту режимінде тұрғанда дискіні алмаңыз. Дискіні жұмыс істер алдында статикалық тоқтан аулақ екеніңізді тексеріңіз. Дискімен жұмыс кезінде қосқышты қозғамаңыз.
4. 22 Дисктің артындағы босату тетігін (1) басып, дискті алдыңғы панель арқылы сырғытыңыз (2).
9,5 мм жұқа оптикалық диск жетегін орнату 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз). 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) бөлімін қараңыз. 3. Жіңішке оптикалық жетекті жапқышы бар ұяшыққа орналастырсаңыз, алдыңғы панелін алып, одан кейін ұяшықтың қақпағын алыңыз. Қосымша ақпаратты Жұқа оптикалық диск жетегінің беттік панель бітеуішін алу (9-бет) бөлімінен қараңыз. 4.
6. Оптикалық дискіні алдыңғы бітеуіш жапқыш (1) арқылы саңылауға қарай жасыл құлақша корпус жақтауына (2) құрсауланғанша сырғытып салыңыз. 7. Оптикалық дискінің артынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) қосыңыз. 8. Егер жаңа драйв орнатсаңыз, дерек кабелінің қарама қарсы ұшын жүйе тақтасындағы ашық-көк SATA қосқыштарына (SATA1 немесе SATA2 деп белгіленген) жалғаңыз. 9. Алдыңғы бітеуіш жапқыш алынған болса, орнына салыңыз. 10. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
11. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 12. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз. Қатты дискіні алу ЕСКЕРТПЕ: Ескі қатты драйвты алғанға дейін, деректі жаңа қатты драйвқа өзгерте алатындай ескі қатты драйвтағы деректердің көшірмесін жасағаныңызға сенімді болыңыз. 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз). 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
4. Дискінің қасындағы ысырманы (1) сыртқа қарай итеріп, дискіні жоғарыға бұрыңыз (2) және содан кейін дискті ұяшығынан шығарып алыңыз (3). Қатты дискіні орнату 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз). 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) бөлімін қараңыз. 3.
● Драйвты адаптер саңылауының сөресіне төрт қара M3 адаптер сөресінің бұрандаларымен төрт жағынан бекітіңіз.
28 4. Төрт орнату бұрандасын 3,5 дюймдік жетек немесе 2,5 дюймдік жетек адаптері кронштейнінің бүйірлеріне (әр бүйіріне екеуден) орнатыңыз. 5. Дисктің артқы ұшын ұяшыққа сырғытып (1), дискіні толық түсіріңіз (2).
6. Қуат кабелін (1) және дерек кабелін (2) қатты драйвтың артына жалғаңыз. 7. Жаңа драйв орнатар болсаңыз, дерек кабелінің қарама-қарсы шетін сәйкес жүйе тақтасының қосқышына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кез келген қатты дискінің жұмысына ақаулықтар туғызбас үшін, бастапқы қатты дискке арналған дерек кабелі жүйе тақтасындағы SATA0 деп таңбаланған қою-көк қосқышқа жалғануы қажет. Екінші қатты драйвты қосатын болсаңыз, дерек кабелін SATA1 және SATA2 таңбасы бар ашық көк қосқыштардың біреуіне жалғаңыз. 8.
Қауіпсіздік құлпын орнату Төменде және келесі бетте көрсетілген Қауіпсіздік құлыптарын компьютерді қорғау үшін қолдануға болады.
HP бизнестік компьютер қауіпсіздік құлпы V2 1. Қауіпсіздік кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұрандалар берілмеген) (1) үшін тиісті бұрандаларды пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және кабель ысырмасының (2) негізіндегі қақпақты бекітіңіз. 2. Қауіпсіздік кабелімен стационал нысанды айналдыра ораңыз.
32 3. Қауіпсіздік кабелін қауіпсіздік кабелінің ысырмасы арқылы сырғытыңыз. 4. Монитор құлпының екі қайшы тұтқасын тартып, құлыпты монитордың (1) артқы жағындағы қауіпсіздік ұясына салып, құлыпты орнына (2) бекіту үшін қайшы тұтқаларын бірге жауып, кабель бағыттағышын (3) монитор құлпының ортасы арқылы сырғытыңыз.
5. Қауіпсіздік кабелін мониторда орнатылған қауіпсіздік бағыттауышы арқылы сырғытыңыз. 6. Аксессуар кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұранда берілмеген) (1) үшін тиісті бұранданы пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және ысырманың (2) негізіндегі аксессуар кабельдерін орналастырыңыз.
34 7. Қауіпсіздік кабелін аксессуар кабелінің ысырмасындағы саңылаулар арқылы сырғытыңыз. 8. Берілген бұрауышты пайдаланып, құлыпты шассидің артына бұраңыз.
9. Қауіпсіздік кабелінің шетін құлыпқа (1) енгізіңіз және құлыпты жабу үшін түймені (2) итеріңіз. Құлыпты ашу үшін, берілген кілтті қолданыңыз. 10. Барлық қадамдарды аяқтаған кезіңізде, жұмыс бекетіңіздегі барлық құрылғыларыңыз қауіпсіздендіріледі.
Алдыңғы беттік панель қауіпсіздігі Алдыңғы бітеуіш оның ішіне шассидің алдыңғы жағына бұранданы орнату арқылы орнына бекітілуі мүмкін. 36 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындау (6-бет) бөлімін қараңыз). 2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (7-бет) бөлімін қараңыз. 3. 6-32 бұранданы шассидің алдыңғы жағына және орталық бітеуішті босату қойындысының төменгі жағындағы бұранда саңылауына орнатыңыз. 4. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
а Батарея ауыстыру Компьютермен орнатылған батарея ағымдағы уақыт сағатына қуат береді. Батареяны ауыстырғанда компьютерде орнатылған бастапқы батареямен бірдей батарея қолданыңыз. Компьютерде 3вольттық тиын тәріздес ұялы литий батареясы бар. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютердің құрамында ішкі литий мырыш қос тотықты батареясы бар. Батареяларды дұрыс пайдаланбаса, өрт және күйік алу қаупі бар. Жарақат алу қаупін азайту үшін: Батареяны қайта зарядтауға тырыспаңыз. 60°C (140°F) жоғарырақ температурада сақтамаңыз.
ә. Ауыстыратын батареяны жағымды жағын жоғары қаратып салыңыз. Батарея ұяшығы автоматты түрде батареяны дұрыс орына орналастырады. 2-түрі а. 38 Батареяны ұстағышынан босату үшін, батарея үстінгі шетінде тұрған металл қысқышты (1) қысыңыз. Батарея (2) шыққанда, көтеріп алыңыз.
ә. Жаңа батареяны салу үшін, ауыстыратын батареяның бір жақ шетін оң жағы жоғары қараған ұстағыштың (1) ернінің астымен сырғытып салыңыз. Екінші жиегін қысқыш батареяның екінші жиегіне бекітілгенше төмен басыңыз (2). 3-түрі а. Батареяны орнында ұстап тұрған қысқышты (1) артқа тартыңыз да батареяны алып шығыңыз (2). ә. Жаңа батареяны салып, орына түсіріп орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батареяны ауыстырған соң, бұл жұмысты аяқтау үшін келесі қадамдарды орындаңыз. 5.
40 6. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 7. Мерзімі мен уақытын, паспорттарын, барлық ерекше жүйе параметрлерін компьютерді орнату қызметін пайдаланып, қайта бейімдеңіз. 8. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
ә Электр статикалық разряд Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электрстатикалық разрядты болдырмау Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау және тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
б Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету және жіберу дайындықтары Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз: ● Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық жерден аулақ ұстаңыз. ● Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз.
Жұмыс істеу ● Жұмыс кезінде драйвты қозғамаңыз. Нәтижесінде оның оқу мүмкіндігі бүлінуі мүмкін. ● Драйвты күтпеген температуралық өзгерістерден сақтаңыз, әйтпесе құрылғы ішінде ылғалдық пайда болуы мүмкін. Драйв қосылып тұрғанда температура өзгерсе, өшіргенге дейін кем дегенде бір сағат күтіңіз. Егер құрылғыны бірден қолдансаңыз, оқу барысында ақаулық пайда болуы мүмкін.
в Арнайы мүмкіндіктер Арнайы мүмкіндіктер HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша жұмыс істеуде, сондықтан бұл біздің әрбір әрекетімізде көрінеді. Мұнда адамдарды дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасау мақсатында атқаратын жұмыстарға ерекшеліктерді орнату жолының кейбір мысалдары берілген. Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу Технологиялар адам әлеуетін жүзеге асыра алады.
● Өнімдеріміз бен қызметтерімізге қатысты көмекші технологияны жетілдіретін ішкі және сыртқы зерттеу және дамыту бөліміне қолдау көрсету. ● Арнайы мүмкіндіктерге арналған өндірістік стандарттар мен нұсқауларға қолдау көрсету және үлес қосу. Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік.
● HP Elite x3 – Арнайы мүмкіндіктер опциялары (Windows 10 Mobile) ● HP компьютерлері – Windows 7 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP компьютерлері – Windows 8 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP компьютері – Windows 10 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP Slate 7 планшеттері – HP планшетінде (Android 4.1/Jelly Bean) арнайы мүмкіндіктерді қосу ● HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3, 4.
Веб-мазмұнға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулар (WCAG) W3C Интернетке қолжетімділік бастамасының веб-мазмұнға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулары (WCAG) веб-дизайнерлер мен әзірлеушілерге физикалық немесе жасына қатысты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне жақсырақ сәйкес келетін сайттарды жасауға көмектеседі. WCAG арнайы мүмкіндіктерді веб-мазмұн (мәтін, суреттер, аудио және бейне) мен веб-қолданбалардың толық ауқымы арқылы жетілдіреді.
кеңседе қолданылатын телекоммуникациялық жабдықты қамтиды. Мұндай жабдыққа телефондар, сымсыз телефондар, факс машиналары, жауап беру құрылғылары және пейджерлер кіреді.
алынған пікірлер тізімі мен уақытша топпен байланысу түрлері) туралы толық деректерді Арнайы 333 уақытша тобы бөлімінен қарауға болады. Қолайлы сынау және растау жоспарларын бағалауға қатысты бөліктер CEN BT/WG185/PT бөлімінде толық сипатталған параллель жоба арқылы жүзеге асырылды. Қосымша ақпарат алу үшін, CEN жобасы тобының веб-сайтына өтіңіз. Екі жоба да мұқият үйлестірілді.
● Соқыр адамдардың ұлттық федерациясы ● Солтүстік Америкалық қалпына келтіру инженерлік және көмекші технология қоғамы (RESNA) ● Керең және есті қабілеті нашар адамдарға арналған байланыс құралдары корпорациясы (TDI) ● W3C Интернетке қолжетімділік бастамасы (WAI) Білім беру институттары ● Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың орталығы (CSUN) ● Висконсин - Мэдисон университеті, салдарды іздеу орталығы ● Компьютерге бейімделу бағдарламасы бойынша Миннесо
– Дүйсенбі-жұма күндері, қысқы уақыт аймағындағы 6:00 мен 21:00 аралығында (888) 259-5707 нөміріне қоңырау шалыңыз. – Физикалық немесе жасына қатысты мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін байланыс пішімін аяқтаңыз.
Индекс Таңбалар/Сандар 508-бөлімнің арнайы мүмкіндіктер стандарттары 46, 47 А алдыңғы беттік панель алып тастау 8 ауыстыру 10 бітеуішті алып тастау 9 қауіпсіздік 36 алдыңғы панель құрамдас бөлшектері 2 алу алдыңғы беттік панель 8 батарея 37 беттік панель бітеуіші 9 кеңейту картасы 14 компьютердің алынбалы тақтасы 7 қатты диск 25 оптикалық диск 21 алынбалы тақта алып тастау 7 ауыстыру 8 АМ (арнайы мүмкіндіктер): мақсаты 44 табу 45 арнайы мүмкіндіктер 44 арнайы мүмкіндіктер (АМ) мақсаты 44 табу 45 арнайы мүмк