HP Laser MFP 130 Printer series - Warranty and legal information
өшіру және қосу арқылы анықтауға болады, пайдаланушы мұндай кедергіні жою үшін төмендегі
шаралардың бірін немесе бірнешеуін қолданып көруі тиіс:
● Қабылдау антеннасының бағытын өзгертіңіз немесе орнын ауыстырыңыз.
● Жабдық пен қабылдағыштың аралығын үлкейтіңіз.
● Жабдықты электр тізбегіндегі қабылдағыш қосылған штепсель розеткасынан басқа розеткаға
жалғаңыз.
● Сату жөніндегі тиісті агентпен немесе радио/теледидармен жұмыс істейтін тәжірибелі техникпен
ақылдасыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP тарапынан анық түрде мақұлданбаса, принтердегі кез келген өзгерістер мен
модификациялар пайдаланушыны осы жабдықты пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.
FCC ережелерінің 15-бөліміндегі В класына арналған шектеулерге сәйкес болу үшін метал тормен
қорғалған интерфейстік кабельді пайдалану қажет.
Канада - Канада Өнеркəсіп министрлігінің ICES-003 стандартына сəйкестік
туралы мəлімдемесі
CAN ICES-3(B)/NMB-3(B)
EMC мəлімдемесі (Корея)
Электр сымына арналған нұсқаулар
Қуат көзінің өнімнің кернеуіне сәйкес екендігін тексеріңіз. Кернеу өнімнің жапсырмасында болады.
Өнім 110-127 В (айнымалы ток)-127 Вольтті немесе 220-240 Вольтті және 50/60 Герцті пайдаланады.
Электр сымын жерге қосылған электр розеткасына қосыңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімнің зақымданбауының алдын алу үшін тек өніммен бірге берілген электр сымын
пайдаланыңыз.
Лазерлік қауіпсіздік
Америка Құрама Штаттарының азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау жөніндегі Басқармасының
құрылғыларды және радиологиялық қауіпсіздікті бақылау Орталығы 1976 жылдың 1-тамызынан
бастап шығарылған лазерлік өнімдер үшін ережелер енгізді. Америка Құрама Штаттарында сатылатын
өнімдер міндетті түрде осы ережелерге сәйкес болуы тиіс. Денсаулықты сақтау және қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі 1968 жылы қабылданған Заңға сәйкес АҚШ Денсаулық сақтау және
әлеуметтік қамтамасыз ету Министрлігінің радиациялық қауіпсіздік жөніндегі стандартына сәйкес
құрылғы «1-кластық» лазерлік өнім ретінде бекітілді. Құрылғы ішінде шығатын радиация қорғаныш
қаптамалары және сыртқы жабындар көмегімен толық шектелгендіктен, қалыпты пайдаланудың кез-
келген кезеңінде лазер сәулесі сыртқа шыға алмайды.
KKWW Нормативтік мәлімдемелер 39










