User's Guide

Білген жөн | 10
Білген жөн
Құрылғы басып шығармайды.
Басып шығару кезегі тізімін ашыңыз және құжатты тізімнен алып тастаңыз (73-беттегі
"Басып шығару тапсырмасын болдырмау"бөлімін қараңыз).
Драйверді жойып, қайта орнатыңыз (27-беттегі "Бағдарламалық жасақтаманы
орнату"бөлімін қараңыз).
Құрылғыны Windows жүйесінде әдепкі құрылғы ретінде таңдаңыз.
Керек-жарақтарды немесе шығын материалдарын қайда сатып алуға болады?
• HP дистрибьюторынан немесе бөлшек
сатушыдан сұраңыз.
• HP веб-сайтына (
https://store.hp.com/) кіріңіз. Өнімге қызмет көрсету туралы ақпаратты
қарауға болады.
Көрсеткіш шамы жыпықтайды немесе тұрақты жанып тұрады.
Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсеткіш шамның мағыналарын тексеріңіз және ақауларды
сәйкесінше жойыңыз (157-беттегі "Жарық диодтарын түсіну"бөлімін қараңыз).
Қағаз кептелісі орын алды.
Сканерді ашып жабыңыз (19-беттегі "Алдыңғы көрінісі"қараңыз).
Осы нұсқаулықта
қағаз кептелісін алып тастау туралы нұсқауларды қараңыз және
сәйкесінше ақаулықтарды жойыңыз (154-беттегі "Қағаз кептелуін кетіру"бөлімін
қараңыз).
Басып шығарылған қағазда дақтар бар.
Тонер деңгейі төмен немесе біркелкі емес болуы мүмкін. Тонер картриджін шайқаңыз
(140-беттегі "Тонерді қайта тарату"бөлімін қараңыз).
Басып шығару ажыратымдылығының басқа параметрлерін қолданып көріңіз (74-беттегі
"Басып шығару
теңшелімдерін ашу"бөлімін қараңыз).
Тонер картриджін ауыстырыңыз (141-беттегі "Тонер картриджін ауыстыру"бөлімін
қараңыз).
Машинаның драйверін қайда қотаруға болады?
• HP веб-сайтына (
www.hp.com/support/laser130MFP) кіріп, анықтама, қосымша
бағдарлама, құрылғы драйверлері, нұсқаулықтар және тапсырыс туралы ақпаратты ала
аласыз.