User's Guide
Факс жіберу | 103
Факсті қолмен жіберу
Басқару тақтасында (Набор без снятия трубки) түймесін пайдаланып факс жіберу үшін
келесі әрекеттерді орындаңыз.
• Егер Функция факса > Переслать > Перес. на факс > Вкл. тармағы таңдалған болса,
бұл функцияны пайдаланып, факс жіберу мүмкін емес (112-беттегі "Жіберілген
факсті басқа бағытқа қайта жіберу"бөлімін қараңыз).
• Құрылғыңыз тұтқа үлгілі болса, факсті тұтқаны пайдаланып жіберуге болады
(9-беттегі "Әр түрлі мүмкіндіктер"бөлімін қараңыз).
1 Бір құжатты төмен қаратып құжат әйнегіне қойыңыз немесе құжаттарды жоғары
қаратып құжат бергішке жүктеңіз (47-беттегі "Түпнұсқаларды салу"бөлімін қараңыз).
2 Басқару тақтасында (факс) белгішесін таңдаңыз.
3 Ажыратымдылығы мен ашықтығын факс қажеттіліктеріне сай реттеңіз (114-беттегі
"Құжат параметрлерін баптау"бөлімін қараңыз).
4 Басқару тақтасында (Набор без снятия трубки) түймесін басыңыз немесе тұтқаны
көтеріңіз.
5 Факс нөмірін басқару тақтасындағы сандық пернетақтаны басып теріңіз.
6 Қашықтықтағы факс құрылғысынан дыбыс деңгейі жоғары факс сигналы естілгенде,
(Бастау) түймесін басыңыз.
Факсті бірнеше бағытқа жіберу
Факсті бірнеше орынға жіберуге мүмкіндік беретін Бірнеше нөмірге жіберу мүмкіндігін
пайдалана аласыз. Түпнұсқалар автоматты түрде жадта сақталып, қашықтағы терминалға
жіберіледі Тасымалданғаннан кейін, түпнұсқалар автоматты түрде жадтан өшіріледі.
• Егер "өте анық" тармағы таңдалған болса, факстарды бірнеше бағытқа жіберу
мүмкін емес.
• Бұл функцияны пайдаланып, түрлі түсті факс жіберу мүмкін емес.










