User's Guide

Факс қабылдау | 108
Факс қабылдау
Құрылғы зауыттан алдын ала «Факс» режиміне орнатылған. Факс келген кезде, құрылғы
орнатылған қоңырау санынан кейін қоңырауға жауап беріп, автоматты түрде факсті
қабылдайды.
Қабылдау режимдерін өзгерту
1 Басқару тақтасында (факс) > (Меню) > Настр. факса > Прием > Режим приема
тармағына өтіңіз.
2 Қажет параметрді таңдаңыз.
Факс: факстің кіріс қоңырауына жауап беріп, бірден факсті қабылдау режиміне өтеді.
Телефон: (Набор без снятия трубки) түймесін, содан кейін (Бастау) түймесін
басу арқылы факсты қабылдайды.
Автоотв/факс: Жауап беру құрылғысы сіздің жабдығыңызға жалғанғанда
қолданылады. Жабдығыңыз кіріс қоңырауына жауап беріп, қоңырау шалушы жауап
беру құрылғысында хабар қалдыра
алады. Егер құрылғы желіде факс үнін сезінсе, ол
автоматты түрде «Fax» режиміне ауысып, факсті қабылдай бастайды.
Автоотв/факс режимін пайдалану үшін, жауап беруші құрылғыны
құрылғының артындағы «EXT» ұясына қосыңыз.
DRPD: Шартты қоңырауды автоматты түрде тану (DRPD) функциясын пайдаланып
қоңырауды қабылдауға болады. Шартты қоңырау - бұл телефон компаниясы
ұсынатын бір телефон желісі арқылы бірнеше телефон нөмірлерін пайдаланып
қоңырауға жауап беруге мүмкіндік беретін қызмет. Қосымша мәліметтерді мына
жерден қараңыз: 109-беттегі "Факсті DRPD режимі арқылы қабылдау".
Бұл параметр елге байланысты болмауы мүмкін.
3 OK түймесін басыңыз.
4 Дайын режиміне оралу үшін (Отмена) түймесін басыңыз.