User's Guide

Факс қабылдау | 110
1 Басқару тақтасында (факс) > (Меню) > Настр. факса > Прием > режим DRPD >
Ожидание звонка тармағына өтіңіз.
2 Факс нөміріңізге басқа телефоннан қоңырау соғыңыз.
3 Жабдыққа қоңырау келгенде, оған жауап бермеңіз. Шартты сигналды есте сақтау үшін
құрылғыға бірнеше қоңырау жасалуы керек.
Жабдық сигналды есте сақтағаннан кейін, дисплейде Настройка DRPD завершена
хабары көрсетіледі. DRPD функциясын орнату жүзеге аспаса, термофиксатора звонка
DRPD хабары көрсетіледі.
4 «DRPD» хабары көрсетілгенде OK түймесін басып, 2-қадамнан бастап әрекетті
қайталаңыз.
Факстің нөмірі өзгертілсе немесе құрылғы басқа желіге қосылса, DRPD
функциясын қайтадан орнату керек болады.
• DRPD функциясы орнатылғаннан кейін, сигналды факске жасалған қоңырау
ретінде қабылдайтынын тексеру үшін, құрылғы нөміріне қайтадан қоңырау
соғыңыз. Содан соң, қоңырау «EXT» ұясына жалғанған қосымша телефон
немесе жауап беруші құрылғыға жіберілетінін тексеру үшін, дәл осы желідегі
басқа нөмірге қоңырау соғыңыз
.
Қауіпсіз қабылдау режимінде қабылдау
Модельге немесе қосымшаларға байланысты бұл мүмкіндік қол жетімді болмауы
мүмкін (8-беттегі "Үлгілер бойынша функциялар"бөлімін қараңыз).
Қабылданған факстерді рұқсаты жоқ адамдардың оқуын болдырмау керек болуы мүмкін.
Қауіпсіз қабылдау режимін қосыңыз, сонда барлық кіріс факстер жадқа жіберіледі. Құпия
сөзді енгізіп кіріс факстерді басып шығаруға болады.
Қауіпсіз қабылдау режимін пайдалану үшін басқару тақтасының (Факс) >
(Меню) > Функция факса > Безопас. прием тармағында мәзірді белсендіріңіз.
Қабылданған факстерді басып шығару
1 Басқару тақтасында (факс) > (Меню) > Функция факса > Безопас. прием >
Печать тармағына өтіңіз.
2 Төрт санды құпия сөзді енгізіп, OK түймесін басыңыз.