User's Guide

Жүйелік параметрлерді орнату | 128
Жүйелік параметрлерді орнату
Құрылғы параметрлерін орнату
Параметрлерге немесе үлгілерге байланысты дисплейде кейбір мәзірлер пайда
болмауы мүмкін. Егер солай болса, ол құрылғыға сәйкес келмейді (29-беттегі
"Мәзірді шолу"бөлімін қараңыз).
Мәзір параметрлерін өзгерту:
Басқару тақтасында (Меню) > Настр. сист. > Настройка тармағына өтіңіз.
Элемент Сипаттама
ИД устройства
Жіберілетін әр факс бетінің үстінде басып шығарылатын
машина идентификаторын орнатады.
Номер факса
Жіберілетін әр факс бетінің үстінде басып шығарылатын факс
нөмірін орнатады.
Дата и время Күн мен уақытты орнатады.
Режим часов 12 сағ және 24 сағ арасында уақытты көрсету пішімін таңдайды.
Язык
Басқару тақтасының дисплейінде шығатын мәтіннің тілін
орнатады.
Реж. по умолч.
Әдепкі күйді орнатады.
Энергосбереж.
Қуатты үнемдеу режиміне өту алдында машинаның қанша
күтетінін орнатады.
Машина ұзақ уақыт бойы деректерді алмаса, қуатты тұтыну
автоматты түрде азайтылады.
Соб. пробужд.
Қуатты үнемдеу режимінен ояту шартын орнатуға болады.
Вкл.: Құрылғы қуат үнемдеу режимінен келесі жағдайларда
оянады:
- Кез келген түймені басу
- Қағаз науасын ашу не жабу
- Қағазды құжат бергішке енгізу
Выкл.: Басқару тақтасында түйме басылған кезде ғана
құрылғыны қуатты үнемдеу режимінен оятуға болады.
Время ож.сист.
Құрылғының алдында пайдаланылған көшіру параметрлерін
есте сақтау уақытын орнатады. Уақыт аяқталғаннан кейін
құрылғы әдепкі көшіру параметрлерін қалпына келтіреді.
Вр.ожид.задан.
Принтердің бетті басып шығару пәрменімен аяқталмайтын
басып шығару тапсырмасының соңғы бетін басып шығару
алдында күту уақытын орнатады.